Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Қонақжай Қазақ елі

Қонақжай Қазақ елі

Қонақжай Қазақ елі

Танымал My Destination интернет сайты BBB (Biggest Baddest Bucket List) бейне роликтер байқауының тұсауын кескеніне көп бола қойған жоқ. Бұл байқауға қатысу үшін әлемнің ең ерекше жерлерінен тың да, қызықты бейнесюжет түсіру қажет. Ал жеңімпаз үшін 6 ай бойы әлемнің 25 елін аралап, қызықты бейнероликтер түсіруге жолдама беріледі. Мұндай ерекше байқаудың биылғы үздіктері анықталып, бүгінде олар дүние жүзін аралап, саяхаттауда. Дара шыққандар – америкалық ағайындылар Марко және Алекс Эйлиндер. Олар жақында өз маршруттарындағы 11-мемлекет – біздің елімізде де болып, қазақ даласын, тауын, өзен-көлін аралап, көрген-түйгендерін жеке ғаламтор парақшаларында жазып жіберуге уәде беріп аттанған-ды. Енді, міне, жігіттердің сол мақалалары жарық көрді. Ағайынды саяхатшылар өз жазбаларының бірін «Таулар, жылқылар және қонақжай Қазақ елі» атаса, енді бірін «Еркіндік елі» атапты. Төменде мақалалардың ағылшын тілінен аударылған үзінділерін жариялап отырмыз. 

... Әдемі тігілген киіз үйден шығып, келесі сапарға аттанғалы жатқанда, жолсерігіміз Александр кіріп, қазақтардың біз үшін арнайы ас әзірлегелі жатқанын хабарлады. «Ендеше, сол астан дәм татып, тездетіп жүріп кетейік» деп шештік. Алайда бұл ойымыз жолсерігіміздің езуіне күлкі үйірді. Ол қазақтардың бұларға арнап, жылқы сойғалы жатқанын, ал оның етін жеп тауыспай, бізді еш жаққа жібермейтіндерін айтып түсіндірді. Ал ол үшін мұнда кемі бір апта жата-жастана қалуымыз керек. Бірақ та, біздің бағдарламамыз қазақ халқының керемет қонақжайлылығын көтере алмайтын еді. Уақыт тғыз, аралауымызға тиіс елдер көп. Сол үшін де рақметімізді айтып, қимастықпен жолға жиналдық. Көршілеріміз жағдайымызды түсінсе де, жүздерінен риясыз өкпе сезіледі. 
Көлікке отырар алдында Александр күн арайланып көкжиегінен батып бара жатқан жазық далаға бір көз тігіп, «Бұлар – еркін даланың адамдары... Олар дала заңымен жүреді» деді...
...Екі күнге шегініс жасайық. Мұнда біз екі күн бұрын келген едік. Алматы маңындағы бүркітшілер фермасы біздің құмарлығымызды саяхатқа шықпас бұрын-ақ оятқан еді. Темір торлардағы қыран құстарды көріп, терең ойға қалдық. Қолға үйретілген жыртқыш құстар. «Мен мұны Граф Монте Кристо атаймын» деді бүркітшінің бірі қолына қондырған құсын көрсетіп: «Өйткені, ол бүкіл өмірін түрмеде өткізіп келеді».

Қазақстан – тарихи заманнан көшпелі халықтың мекені болып саналады. Елге келгенде, бізге бүгінде халық отырықшыланғанын, ұжымдасқан өмір қағидасымен өмір сүретінін айтты. Бірақ мына жер бізге көшпелі халықтың әлі де бар екенін көрсетіп тұрғандай. Ферманың иесі – Павел есімді кісі қазақтың ұлттық киімін киген. Оянған үмітіміздің отын өшіргіміз келмей:
– Көшпелі халық осындай ұлттық киім кие ме? – деп сұрадық. 
– Бүгінде ешкім де мұндай киім кимейді. Ол – аңыз секілді. 
– Бірақ сіздер әлі күнге дейін саятшылықпен айналысып, бүркітпен аңға шығасыздар ғой...
– Нағыз бүркіттер Кеңестік кезеңде жойылып кетті, – деп басын шайқады ол. – Дәл сол сияқты нағыз көшпелілер де...
1930 жылдарға дейін Қазақ елінде көшпелі халықтың қаймағы тұтас бұзыла қоймаған екен. Алайда кеңестік үкімет көшпелі халықты ауылдарға топтастырып, ұжымдастыру арқылы ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі өмір сүру салтына сына қаққан. Нәтижесінде, миллиондаған халық ажал құшып, аштықтан қырылған. 1935 жылдан бері көшпелі тұрмыс мүлде жойылды десек те болады. 
Мен жанарымды бұрып, тордағы қыран құстарға қарадым. Біздің көшпелі халықты кездестіреміз деген үмітіміз біржола өшкендей. Алайда бүркіт маған емес, тым биік, көк заңғарға жанарын қадап тұр екен. Ол да еркіндікті, ескі өмірді аңсайтындай. 

Мұнда өтізген екі күнде біз өзімізше ой түйдік. Тарихи көшпелі өмірді көрмесек те, осы ферманы мекендейтін бүркітшілер бізге нағыз көшпелі халықтың ұрпағындай көрінді. Рас, мұнда бәрі қазақтар емес, өзге ұлт өкілдері де бар. Бірақ олардың бәрі біз ғаламтордан оқып танысқандай, киіз үйде тұрады, қазақша киінеді. Бүркітпен аңға шығады. Бастысы, бәрі еркін. Оларға басқа ештеңенің керегі жоқ. Кең дала, жылқылары, бүркіттері болса болды. Таңданысымды жасыра алмай, біріне «Неге мұндай өмір салтын таңдадыңыздар?» деп сұрақ қойдым. Оның жауабы қысқа болды:
– Еркіндік!!!
– Негізі, біз де көшпелі саяхатшылармыз. Әлем елдерін аралап жүрміз. Әрине, бүркітіміз жоқ, бірақ бейнекамерамыз бар, – дедім мен. 
Бірақ менің бұл сөзім оны қызықтыра қойған жоқ. Оған бөтен жер емес, өз даласынан артық жер жоқ. 
Біраздан соң ол қазақ көшпелі өмірінің кереметтері жайлы шабыттана әңгімелей бастағаны сондай, мен бірден елтіп әкеттім. Әлем аралап жүрген біздің еркіндігіміз бен қазақ көшпелілерінің еркіндігі мүлде екі нәрсе екенін түсіндім. Дереу қонақүйге жасалған тапсырыстан бас тартып, киіз үйге көшіп алдым. Әрине, бұл жерде біздің негізгі жұмыс – интернетке кіріп, пошта тексеріп, түсірген бейнероликтерімізді Америкаға жолдауға мүмкіндік жоқ. Бірақ сол сәт маған оның еш маңызы қалмағандай. Бар қалағаным – ат ерттеп мініп, қолыма бүркіт қондырып, кең даланы аралап кеткім келді. 
Алайда қашанғысынша уақытымыз шегіне жеткен-ді. Жолсерігіміз темір тұлпарын дайындап, бізді күтіп тұр. Бұл түнді біз қалада, қонақүйде өткердік. Түсімде – өзімді биік тауға өрлеп ұшып бара жатқан қыран бейнесінде көрдім...

***
Бізге Қазақ еліндей ерекше әсер еткен мемлекет әлі кездескен жоқ. Рас, алғашында өзге де ағылшынтілді халықтар секілді біз де Қазақ елін Боратпен байланыстырдық. Әрине, бұл сатиралық фильмнің ешқандай оң имиджі жоқ. Сондықтан да, біз ол стереотиптің бәрін ысырып қойып, өз көзімізбен көргендерімізге ғана сенгіміз келді. Ойымыз дұрыс шықты. Қазақ халқының ең ерекше қасиеті – қонақжайлылығы екен. Біз бір апта бойы үйден-үйге қонаққа шақырылып, мол дастархан басында отырдық. Қазақ әнін тыңдап, биін билеп, өмірімізде дәмін көрмеген қазы жеп, қымыз ішіп, тіпті, қазақ үйлену тойының да куәсі болдық. Тіпті, 1 аптаның қалай өткені белгісіз, келесі сапарға шығуға әрең үлгердік. Борат фильмінің шындық әлемінен мүлде кереғар екеніне көз жеткіздік.

Марко және Алекс Эйлин
Аударған: Нұрболат Аманжол

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 09 желтоқсан 2013, 16:32
Пікірлер
+0
09 желтоқсан 2013, 18:00

біреудін қазақты мақтағаны керек емес :geek: , қазақ қазақты мақтасын :mrgreen:

+0
09 желтоқсан 2013, 18:02

Еркін деп түйсе, демек еркін болғанымыз ғой. Әр қазақтың жаны дархан даламен үндес, тамырлас екені рас...

+0
09 желтоқсан 2013, 22:38

Осындай жазбалар көп болса екен, қазақ жастары патриот бола түседі )

+0
10 желтоқсан 2013, 11:13

Екеуінің де жүзі жылы, жақсы адамдар сияқты. Бізде ұнағанына қуаныштымын. Бірақ мұндай адамдарға бәрі ұнай беретін де сияқты ғой :)

+0
15 желтоқсан 2013, 22:49

казак елиме тен келетин ел жок :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.