Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Кино.Филипп Делерм

Кино.Филипп Делерм

Кино.Филипп Делерм

Филипп Делерм (Philippe Delerm) Шапонвале мекенінде 1950 жылы дүниеге келген. Қазіргі таңда Франциядағы ең көп оқылатын авторлардың бірі. Көптеген әдеби сыйлықтардың лауреаты. 

* * *

Кино – жұртқа шығатын жер емес. Жұртқа мұнда мүлдем жанаспайсың. Мұнда өзгеше, зал ішіне кіріп, өлшеп пішілген орынға сүңгіп кету. Фильм әлі басталмайды, көлбеңдеген жарық сәуле бәсең дауыстарды тербетіп тұрады. Бәрі жұмсақ, бәрі томпақ... Еден үстіндегі өз аяқ даусыңды естіместен, мәжбүрлі бейқамдықпен бос қатарға жол тартасың. Орындыққа жайғасып немесе отыра кету жоқ. Алдымен осы бір түкті кілем ішіндегі кеңістікті танып алғың келеді. Салмағыңмен сол ортада, еппен болсын, болмасын өз орныңа жылжисың. Осы бір әрекетсіздікке өзгелермен қосылыстың керемет сезімі келіп орнайды – сен сол қатардан теріс төңкерілген орындардың бірін алып қойғансың – экран алдында. 

Одан әрі тұтастық жоқ. Оған мысал, экранға үш қатар сенен алда жайғасқан анау бір ауыр салмақтағы жігіттің газет оқып отыруынан нендей сыр ұғасың? Келесі бір сәтте орынсыз күлер немесе, ең сорақысы, саған күлкілі болғанда, ол күлмей отырып алар.

Кинода өзін көрсетуге тырыспайды... Мұнда паналауға, жасырынуға, ұйықтауға келеді. Мұнда суайдында отырғандай көкшіл дүниеге назар аударады – кез келген күтпеген ғажайыптың экранның терең түкпірінен көрініс табуы күтілуде. Зал іші иіссіз, леп те жоқ, тек құдіреттің сиқырлы күші үмітке орап, жалғанды жалпақ экранның ар жағында таныстырады... 

Қоюланған қараңғылық, құрбандыққа шалынған кең дүние. Қойыртпақталып, жамырап келе жатқан аспан жұлдыздары... Теңіз құстары. Жан шығып, жан тербеліп, сол аралықта табиғаттың көркем дүниесіне, көшелердің қиылысына, жауын-шашынға айналуда. Өмірсіз, өлімсіз, махаббатсыз, соғыссыз – одан арғысы қызыл-жасыл дүние.

Ақырында "соңы" деген жазу шыққанда, бақсы ойнақта демсіз қалғаныңызды білмей де қаласыз. Кенет жарық қосылмақ. Ет-сүйекті жинап алып, жүйкемен бір ішкі қорытындыға келуге тырысасыз. Бастысы - үндемеу, еш ескертусіз, пайымдаусыз: сөз бәрін суытып тастауы мүмкін. Түкті еден қайтар жолда әлгі ауыр салмақты жігітті күтуде. Ал сіз скафандрдағы ғарышкер секілді бірер минутқа болсын таң-тамаша салмақсыздықта тұруды қалайсыз. 

Аударма: Әкежан Дәкен

сурет: io9.com

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 03 желтоқсан 2013, 16:40
Пікірлер
+0
04 желтоқсан 2013, 10:45

дұрыс, мен өзіммен өзім болу үшін барамын көбіне

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.