"Айтұмар" атты балалар әдебиетіне арналған байқау өтеді

"Айтұмар" атты балалар әдебиетіне арналған байқау өтеді

Қазақстан Жазушылар одағы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен "Айтұмар" Балалар әдебиетінің үздік туындыларының Республикалық байқауын ұйымдастырып отыр.

Байқауға шығармалар төмендегі үш жанр бойынша қабылданады:

- Проза;

- Поэзия;

- Драматургия.

Қатысушыларға арналған талаптар:

- Байқауға қолынан жазу келетін, 14-35 жастағы ҚР аумағында тұратын кез-келген қаламгер қатыса алады;

- Әр қатысушыдан тек бір ғана аталым бойынша шығарма қабылданады.

- Шығармалар 6 қазаннан 3 Қарашаға дейін қабылданады.

Қатысушыларды іріктеу критериилері:

- Байқауға компьютерде терілген шығармалар қабылданады. -Шығармаларды қабылдау үшін әр қатысушы өзінің толық аты-жөні, өзі туралы толық мағлұмат (жасы, байланыс нөмірі, тұрғылықты мекен-жайы, жұмыс немесе оқу орны,шығармашылық өмірбаяны) ұсынылған қатысушы парағын толтырып жіберуі тиіс.

- Сапалы орындалған жұмыстар ғана қабылданады. (қолжазбалар байқауға жіберілмейді).

- Келіп түскен шығармалар сараптама кезеңіне нөмірленіп ұсынылады. Яғни сарапшылар авторға емес тек шығармаға баға береді.

Байқауға қатысушыларға ұсынылатын тақырыптар:

- Шытырман оқиға;

- Саяхат бағытындағы шығармалар;

- Қаһарман кейіпкердің бастан кешкендерін баяндайтын шығармалар;

- «Made in Kazakhstan»

- «Әлемге не бере аламын?»

- Баланың ойы мен қиялын ұштайтын туындылар;

- Әлем мойындаған отандастарымыз туралы шығармалар;

- Адамгершілікке, рухани дамуға бағыттайтын шығармалар;

- Өмірді сүюге құштарлығын арттыратын шығармалар,

- Фантастика;

- Ертегі жанрындағы шығармалар;

Қатысушы парағы толтырылған, «Айтұмар» байқауына» деген тақырып қойылған өтінімдер konkursaitumar2022@gmail.com электронды поштасында қабылданады.

Қосымша ақпарат үшін: 8747- 286- 36- 96

Т. Раушанұлы