Көркемдік құпиясы: Әлібек Байбол шығармашылығы туралы

Көркемдік құпиясы: Әлібек Байбол шығармашылығы туралы

Жуырда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі "КӨКЖИЕК" ғылыми-шығармашылық клубының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жас қаламгер, драматург Әлібек Байболмен шығармашылық кездесу өтті.

Әлібек Байболдың өз шығармашылық тәжірибесі туралы айтқан естелігі студенттерге өте қызықты болды. Әлібек Байбол 20 жасынан бастап жазу өнеріне келген қалам иесінің көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін, оның жазуға деген талпынысын көрсетті. Алдымен өнер адамы, кейін суретші болғысы келгені, батыстың “Қайта Өрлеу” кезеңінің өкілдері Рафаэль Сантидің, Сандроның, Беллинидің мұраттарын зерттегендігі, кейіннен өз дарынын пьеса жазуға бағыттағаны, ең алғашқы "Темір жол вокзалы" шығармасы, анасынан естіген ертегілері мен әңгімелері туралы айтты.

Жастарға әдебиет әлемінде өз жолын табудың маңыздылығын, осы жолда тыңбай еңбек еткен адамның түбінде жемісті болатыны сөзсіз екенін дәлелдей алды. Аудармашыға қажет ең басты қасиет – мәтінді түсіну болса, тәжірибе, біліктілік, шығармаға деген адалдық әрбір драматург, жазушы үшін маңызды қасиет екендігін ескертті.

Студенттер жазушының "Ясыны іздеу" шығармасына әдеби талдау жасады: сюжетін. жанрын, көркемдік құралдарын көрсетіп, "қылыштың жүзіндей қыл көпірден жүрегінде бидайдай болса да иманы барлар өтеді" теңеуді шебер қолданғанын атап өтті. Әеби талдаудан соң, Әлібек Байболдың басқа да туындылары және жалпы қаламгерлік қызметі аясында сұрақ-жауап сессиясы өткізілді. "Ясыны іздеу" әңгімесін экрандау не анимация түрінде жетілдіруге қалай қарайсыз?" деген сұрақты жазушы жақсы қабылдады.

Жазушы, драматург Әлібек Байбол кездесу рухани азығы мол дүние болды.Тағылымды кеште жастар Әлібек Байболдың  қарапайымдылығына, өнерге, әдебиетке деген құштарлығына  тәнті болды. Жазушының отансүйгіш, елім деген азамат екендігі, кездесу соңын қорытындылаған сәттегі тәуелсіздік жайындағы ыстық лебізінен-ақ көрініп тұрды.

Білімді ұрпақ- тәуелсіз еліміздің тірегі. Қазіргі заманда егеменді еліміз, тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп келе жатқан ұрпақ қолында. Қазіргі әдеби әлемде өзіндік үні, мәнері қалыптасқан жазушыдан студенттер тәлім-алып, өз білімдерін шыңдай түсті.                                             

                                                               Л.Мұсалы, А.Тункер, ҚазҰУ

Т. Раушанұлы