Чемпиондар туралы 5 мотивациялық кітап

Чемпиондар туралы 5 мотивациялық кітап
Фото: Yernar Almabek

Қазір Токиода 2020 жылғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Дода қай спорт жұлдыздарының бағы шабарын көрсетеді. Айтулы бәсекеге орай Массагет порталы чемпиондар туралы 5 қызықты кітап топтамасын ұсынады.

Жақсылық Үшкемпіров. "Біртуар"

Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров туралы бұл кітап жуырда ғана жарыққа шықты. "Біртуар" деп аталатын деректі романды Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан жазды.

"Балалар әдебиетін қолдау жылына" орай Алматы облыстық әкімдігінің қолдауымен басылған туынды 5 тараудан тұрады. Онда даңқты балуанның балалық шағынан бастап ер жетіп, есею кезеңі қамтылған. Үлкен спортқа келуі, күрестегі әділетсіздікке мойымаған саңлақтың жанкешті еңбегі суреттеледі. Олимпиада шыңына дейінгі өнегелі өмірі баяндалады. Біртуар тұлға жайлы жинақ жастарға тәлім-тәрбие беруде таптырмас құрал.

Коби Брайант. "Мамба менталитеті. Менің ойынымның философиясы"

Брайант бұл кітапты оқырмандарға өзін-өзі дамыту және бәсекелестік философиясыларымен таныстыру үшін жазды. Бұл білім оған кезінде баскетбол супержұлдызы және тарихтағы ең ұлы ойыншылардың бірі болып аңызға айналуына көмектескен еді. Коби өзінің спорт туралы түсінігін егжей-тегжейлі сипаттап, кімнен шабыт алғанын, ал кімнен сабақ алғанын, ауруға қарамай ойнау үшін жігерді қайдан алатынын және неге жеңілісті қабылдаудан бас тартқанын баяндайды. Қара мамбаның қайсар күшінен қуат алыңыз, сонда сіз күн өткен сайын шыңдала түсесіз. Ешқашан тоқтамаңыз!

Лионель Месси. "Жанкүйерлер энциклопедиясы"

Аргентинаның Росарио қаласындағы ойында соққан алғашқы голынан бастап әлемдегі ең беделді трофейлер иесіне айналған Мессидің өмір жолы осы кітапта баяндалады. Осы қысқа да нұсқа жанкүйерлер энциклопедиясынан сіз осы таңғажайып футболшының өміріндегі маңызды кезеңдер мен бас айналдыратын мансабы туралы мол ақпарат аласыз.

Серхио Кун Агуэро. "Жеңу үшін туған. Менің тарихым"

Агуэро өмірбаянында өзінің спорттық Олимп шыңына жету жолы, отбасылық және жеке өмірі туралы айтады. "Мен гол соққан сайын тек өз бойымды билеген қуанышты ғана сезбеймін. Мен командаластарымның және жанкүйерлердің бал-бұл жанған жүздерін көремін. Мен нағыз құмарлық пен эмоцияға куәгер боламын. Бұл мені кішкентай кезімде футболға ғашықеткен себеп етін. Соңына дейін күресу, жеңіліске бой бермеу. Бірақ сол нүктеге жеткенге дейін сеніңештеңеге қарамай бас салып кірісіп кетуің маңызды. Басталмаған оқиға жалғаспайды. Мен Серхио Кун Агуэромын. Мен жеңу үшін тудым",- дейді ол.

ЛеБрон, INC. "Миллиард тапқан спортшы"

Оның шексіз табысы аңызға айналған. Forbes оны NBA-дағы ең көп жалақы алатын ойыншы деп таныды. Ол Nike компаниясымен бұрын-соңды болмаған рекордтық келісімшартқа отырды. Оның стартаптарға салған нақты инвестицияларын кез-келген қаржыгер жүзеге асыра білмейді. Екі дүркін Олимпиада чемпионы (2008 және 2012 жылдар), әлемдегі еңүздік баскетболшылардың бірі, өте табысты кәсіпкер және қоғам қайраткері ЛеБрон Джеймспен осы кітап арқылы танысыңыз.

А. Оралқызы