Кітапты онлайн оқуға мүмкіндік беретін қосымшалар

Кітапты онлайн оқуға мүмкіндік беретін қосымшалар
Фото: vk.com

Қазір бүкіл әлем карантинде отыр. Қатерлі обадан сақтану үшін үйде қалып, жөн-жосықсыз сыртқа шықпаудың өзі ерлікке айналды. Ал үйде отырған адамға қандай іспен шұғылдануға болады?

Төрт қабырғаға қамалған адамның ермек табуы қазіргідей технология дамыған заманда соншалық қиындық тудырмасы анық. Осы орайда оқырмандарымызбен маңызды сілтемелермен бөлісуді жөн көрдік.

Кітапты онлайн оқып, аудиокітап тыңдауға ыңғайлы қосымшалар мен сайттар көп, олар: Bookmate, Apple Books, My book, сондай-ақ тек аудиокітап тыңдау мүмкіндігін ғана ұсынатын Audible.

Мысалы, Bookmate сайтынан Garage баспасының кітаптарын тегін оқуға болады. Бұларға қосымша, жуырда ғана "Альпина Паблишер" баспа үйі карантин уақытында оқырмандарын қолдау мақсатында 70-тен астам кітапты тегін оқу қызметін ұсынды. Ол үшін 'Stayhome' промокодын терсеңіз жетіп жатыр.

Т. Раушанұлы