Тоқаев Семей әкіміне Абайдың 175 жылдығына қатысты тапсырма берді

Тоқаев Семей әкіміне Абайдың 175 жылдығына қатысты тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Кездесуде тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосу, атап айтқанда, тері-жүн комбинатының жұмысын қайта жүргізу мәселесі қарастырылды. Сонымен қатар радиологиялық орталықты пайдалануға беру мен жаңа мектептің құрылысы, жол жөндеу жұмыстары мен көшелердің абаттандырылуы сөз болды.

Президент Абайдың 175 жылдығына арналған мерейтойлық шараларды сапалы әрі шетелден мамандар тартпай ұйымдастыруды тапсырды.

Мемлекет басшысы Семейге тарихи орталық мәртебесін беру жөнінде маңызды қадам жасалғанын атап өтіп, оның музейлер жұмысының сапасын арттыруға және қаланың көрікті жерлерін абаттандыруға бағытталған тиісті шаралар қабылдауды талап ететінін айтты. Аталған нысандар туристер мен қала қонақтары үшін тартымды болып, қызмет етуі тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ермак Сәлімовке волонтерлер қозғалысымен бірлесіп, “Семей орманы” аумағында ағаш егу жұмыстарын ұйымдастырып, бұл акцияға жастардың қатысуын қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тәбәрік деген не?
Тәбәрік деген не?
Киіз үйдің математикалық сипаты
Киіз үйдің математикалық сипаты
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып