Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Ақын Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды

Ақын Қалқаман Сарин Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, Қалқаман Сарин – 1998 жылы Евразия ұлттық университетін “Тарих” мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2014 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын аяқтап, гуманитарлық ғылымдардың магистрі атанған.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған.

2008-2018 жылдар аралығында Евразия ұлттық университетінде оқытушы және ​ ректордың кеңесшісі болып еңбек етті.

2018-2019 жылдары “Шалқар” ұлттық радиосының директоры қызметін атқарған.

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Сарин шығармашылықта да мол табысқа қол жеткізген.
Халықаралық “Шабыт” фестивалінің лауреаты. “Алтын қалам” әдеби сыйлығының жеңімпазы. ҚР Үкіметінің “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауареаты.

0
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 11 желтоқсан 2019, 11:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.