Түркия Петер Хандкенің Нобель алуына қарсы

Түркия Петер Хандкенің Нобель алуына қарсы
Фото: .tribunasoria.com

Түркия аустриялық жазушы Петер Хандкеге әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын беруге қарсы шықты. Бұл туралы Түркия президентінің ресми өкілі Ибрагим Калин мәлімдеді.

“Дүйсенбіде Босниядағы қырғынды қабылдамай, Сербияның тұңғыш президенті Слободан Милошевичтің жақтаушысы болған Петер Хандкеге әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы беріледі. Бұл шешім жойылуы керек”, - деп жазды ол  өзінің Twitter парақшасында.

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі де бұған қарсы екендігін айтты.

“Біз кез келген адамның жан дүниесіне зиян тигізетін осы тарихи қателіктен аулақ боламыз деп үміттенеміз. Нобель сыйлығы тағы да сын мен пікірталастың нысанына айналды”, - делінген министрлік хабарламасында.

Югославиядағы  халықаралық трибунал 1995 жылдың шілдесінде Сребреница қаласында серб әскері 7-8 мыңға жуық босниялық мұсылманды қырғынға ұшыратқанын анықтаған. 2007 жылғы ақпанда Сребреницадағы кісі өлімін Халықаралық сот жаппай қырып-жою деп атады.

Айта кетейік, Питер Хандке 1942 жылы 6 желтоқсанда дүниеге келген, аустриялық жазушы және драматург.

Т. Раушанұлы