Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / "Абылай хан" атты кітап жарыққа шықты

"Абылай хан" атты кітап жарыққа шықты

Танымал тарихшы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жамбыл Артықбаевтың "Абылай хан" атты кітабы жарыққа шығып, 28 қарашада Көкшетау қаласында кітаптың тұсаукесері өтті.

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбабап-ғылыми кітапханасында өткен шараға жергілікті зиялы қауым өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылары қатысты.

Автордың айтуынша, аталмыш кітапты шығару идеясы Абылай ханның 300 жылдығын атап өту кезінде пайда болған. Кітаптың тұсаукесері де Көкшетауда өтіп жатқаны тектен тек емес, Абылай хан ордасын тіккен өңір.

"Мұндай тарихи дүниені жазу оңай шаруа емес. Жеті жыл бойы еңбектендім. Абылай ханға қатысты тарихты жан-жақты зерттедім", - дейді профессор.

Сонымен қатар, шарада қоғам қайраткері Мұрат қажы Ыдырысов, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл, тарих ғылымдарының докторы, ғалым Қадыржан Әбуев сияқты бірқатар зиялы қауым өкілдері туынды туралы өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: казинформ
Қосылған күні: 28 қараша, 19:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.