Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Гонкур премиясы жоғалған бақытты сағыну туралы ностальгиялық романға берілді

Гонкур премиясы жоғалған бақытты сағыну туралы ностальгиялық романға берілді

Гонкур премиясы жоғалған бақытты сағыну туралы ностальгиялық романға берілді

4 қараша күні Парижде Франциядағы ең престижді әдеби марапат саналатын Гонкур премиясын табыстау салтанаты болып өтті.

Биыл Жан-Поль Дюбуа есімді жазушы лауреат атанды. Оның "Барлық адам бірдей өмір сүрмейді" (Tous les hommes n'habitent pas le monde de la même façon) атты романы өте жоғары бағаланды. Дюбуаның өзі бұл марапатты табыстау рәсімінде "адам сенгісіз күй кешкенін" айтты.

Гонкур премиясының әділқазылар алқасы "Барлық адам бірдей өмір сүрмейді" туындысын "жоғалған бақытты сағыну туралы ностальгиялық роман" деп хабарлады. Жалпы Дюбуаның шығармашылығына Филип Рот пен Джон Апдайк сынды америкалық жазушылар ықпалы зор болған.

Осы негізгі марапаттан бөлек, Гонкур академиясы жыл сайын роман, поэзия, новелла, биография жанрлары бойынша үздік дебюттерді анықтап отырады.

Соңғы уақыттарда өзге елдерде тұратын француз тілді жазушылар да елене бастады. Мысалы, Франция Институты Шығыс (Ливан) пен Еуропаның (Италия, Польша, Румыния, Сербия) бірқатар жазушыларын марапаттады.

Естеріңізге сала кетейік, Гонкур премиясы (Prix Goncourt) 1903 жылдан бері табысталып келеді. Былтыр Николя Матье есімді жазушы лауреат атанған еді. Әділқазы алқасы автордың  "Өздерінен кейін балалары" (Leurs enfants après eux) атты романын француз тіліндегі (2018 жылғы) үздік туынды деп таныды. 

"Өздерінен кейін балалары " — Николя Матьенің екінші романы. Шығарма сюжеті 1990 жылдардағы Францияда болады. Басты кейіпкерлер — 14 жастағы Антони мен оның достары. Жасөспірім шағы экономикалық дағдарыс кезіне сәйкес келген балалар  Nirvana сынды рок группалар музыкасына елітіп, айнала хаосқа айналған шақта өз жөнімен өмір кешіп жатады. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 06 қараша, 10:33

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.