“Алтын жебе” бәйгесінің қорытындысы жарияланды

“Алтын жебе” бәйгесінің қорытындысы жарияланды

Ақтөбе қаласынан шығатын “Адырна” республикалық әдеби-көркем, көпшілік журналы жариялаған “Алтын жебе” әдеби бәйгесінің қорытындысы шығарылды. 

Бәйгеге бір жылдан астам мерзім ішінде  147 автордан 205 қолжазба түсті. Олардың ең таңдаулы, лайықты деп танылғандары “Адырна” журналында жарияланып келеді.

“Адырна” редакциясы түскен қолжазбаларды саралай келіп, шешім шығарды:

1.Бәйгеге түскен шығармалардың деңгейін ескере келіп, екі миллион теңгелік бас жүлде ешкімге берілмейді, есесіне екі шығармаға бірінші орын (әрқайсысы бір миллион теңге) беріледі, ынталандыру сыйлықтарының саны — алтау (бұрын үшеу) болып белгіленеді.

2. “Алтын жебе” бәйгесі жыл сайын жарияланып, бұрынғы ереже бойынша өткізіліп отырады.
3. “Алтын жебе” бәйгесінің жүлдегерлері болып мына авторлар танылды:

Бірінші орын— 1 (бір) миллион теңге.

1.Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ“Сайтанның сайран салуы” ( поэма), “Адамзаттың ең алғашқы ақыны”, “Антипоэзия” (поэтикалық эсселер). Қарағанды.

2.Мақсат МӘЛІК. “Аспалы керует”, “Барсик” (әңгімелер). 

Екінші  орын — 500 000 (бес жүз мың) теңге.

1.Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ. ( өлеңдер топтамасы). Астана.

2.Бекен ЫБЫРАЙЫМОВ. “Адамның мемлекетке айналуы”, (сын мақала). Алматы.

Үшінші орын — 300 000 (үш жүз) мың теңге.

1.Асылбек ИХСАН. “Шәуішке шағылысқан күн сәулесі”, (хикаят). Алматы.

2.Жадыра ШАМҰРАТОВА. “Бейуақта ашылған құпия”,  “Сарымсақ қосылған ұлу еті”, (әңгімелер). Астана.

3.Мархабат БАЙҒҰТОВ. “Хұсни ханымның хроникасы”, (хикаят). Шымкент.

Ынталандыру сыйлықтары — 100 000 (жүз мың) теңге.

1. Мирас АСАН, Жадыра БАЙБҰЛАНОВА. (өлеңдер топтамасы). Астана.

2. Қанағат ӘБІЛХАЙЫР. “Қайыршының миллиардер досы”, (хикаят). Алматы.

3.Алмас АХМЕТБЕКҰЛЫ. “Жалғыз”, (сыни мақала). Алматы.

4.Серік НҰҒЫМАН. “Қиян”, (хикаят). Алматы.

5.Заман ТӨЛЕУОВ. “Қызылауыздың қарғысы”, (хикаят). Алматы.

6. Айгүл КЕМЕЛБАЕВА“Тырналар”, “Ханымбике” (әңгімелер). Астана.

Сыйлықтарды тапсыру рәсімі Ақтөбе қаласында қараша айында (уақытын қосымша хабарлаймыз) өткізіледі. Сыйлықтармен қоса лауреаттардың шығармаларынан құрастырылған “Алтын жебе” кітабы мен “Алтын жебе” естелік белгісі табысталады.

“Адырнаға” жазылыңыздар.

“Алтын жебенің” келесі бәйгесіне қатысыңыздар.

Әдебиет үшін, оның ұлы болашағы үшін!

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ,“Адырна” журналының бас редакторы.


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Бүгінгі қазақтың тұрмысына лайық тұлпар қандай?
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Әлемнің ең биік шыңын бағындырған тұңғыш қазақ
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Қашықтан жұмыс істеудің денсаулыққа зияны
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Назарбаев университетінің басқа жоғарғы оқу орындарынан басты ерекшелігі неде?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
Баланың ішкі мотивациясын қалай оятуға болады?
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"
"Абай жолының" қысқаша мазмұны. IV том, "Қапада"