Қазақ әдебиетінің абыз ақсақалы Әбдіжәміл Нұрпейісов – 95 жаста

Қазақ әдебиетінің абыз ақсақалы Әбдіжәміл Нұрпейісов – 95 жаста

Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толды. 

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысының, Арал ауданының, Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. 1941-1945 жылдардағы II Дүниежүзілік соғыс ардагері, Оңтүстік және Прибалтика майданында, Луганск түбінде миномёт ротасында саяси қызметкер, кейін штабист ретінде Балтық маңында Курляндия плацдармындағы шайқастарға қатысқан.

1946 жылы желтоқсанда әскерден босанған Әбдіжәміл армия қатарында жүріп бастаған “Курляндия” романын жазуға кіріскен. Оны бітіріп баспаға берген соң, бір жыл  Қазақ мемлекеттік университетінде оқыды. 1954 жылы Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтына түсіп, оны 1956 жылы бітірді. Тырнақалды кітабы үшін Жамбыл атындағы республикалық сыйлықтың  иегері атанды.

Проза саласында үзбей еңбектенуімен қатар, өткір сынымен, публицистикалық мақалаларымен де көзге түсті. 1962-1964 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының органы – “Жұлдыз” журналының бас редакторы да болып қызмет істейді, Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесінің депутаты да болды.

1964 жылдан бері ұзақ жылдар бойы бірыңғай шығармашылық қызметпен шұғылданып, нарық заманында халықаралық ПЕН клубын ұйымдастырып, оның президенттігіне сайланды. 2000 жылдан бастап ПЕН клубы жанынан “Таң-Шолпан” журналын шығарады. Көп жылдардан бері осы әдеби-көпшілік журналының редакторлар кеңесінің төрағасы да.

Өткен XX ғасыр қазақ әдебиетіне мол сыбаға қосқан суреткерлердің бірі – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің “Қан мен тер” трилогиясы, басқа да шығармалары отыз шақты шетел тіліне аударылып, ұлттық әдебиетімізді дүние жүзіне танытып, әлем әдебиетшілері қасқа-жайсаңдарының үздік бағасына ие болды. 

Жазушының ерен еңбегі елдің, мемлекеттің жоғары бағасына ие болды. Жазушы ретінде “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет белгісі”, Қазақстан мемлекетінің “Отан” орденімен марапатталған.

Ол – КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Бұл мәртебелі сыйлықты жазушылардан Қазақстанда үш қаламгер : Мұхтар Әуезов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Жұбан Молдағалиев қана алған.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
АҚШ-та коронавирустың екінші толқыны себепті бункерлер қымбаттады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Қазақстанда сатып алған көлікті бірден автосалонда тіркеуге болады
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
Планетадағы ең суық жер 17 жыл ізденістен соң табылды
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
ДДҰ Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерді біріктірді
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Мектеп бағдарламасына "Абайтану" оқулығы енгізіледі
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)
Ағылшын дәрігері өкпені коронавирустан қорғау әдісін көрсетті (видео)