"Курляндия" романы соғыс алаңында жазылды

"Курляндия" романы соғыс алаңында жазылды
Фото: youtube.com

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлы 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысы, Арал теңізі жағасындағы Құланды балықшы ауылында дүниеге келген. 1942 жылы орта мектепті бітірген соң әскер қатарына шақырылып, Балтық шайқасына, Курляндия плацдармына майданға аттанады. Қызыл Жұлдыз орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1946 жылдың желтоқсанында «Курляндия» романын жазып бастады.

Нұрпейісов Әбдірахман Нұрпейісұлы (22.07.1922 – 06.11.2002) Алматы қаласында 1941 жылы 29 маусымда әскерге шақырылып, Фрунзе түбіндегі шайқасқа барды. Әскери атағы: кіші лейтенант. 465-ші кавалерия дивизиясында, 38-ші атқыштар дивизиясында, 5-ші штаб бөлімінде басшы қызметін атқарды, сонымен бірге 129-шы гвардиялық атқыштар дивизиясында командирдің оң қолы атанды. Оңтүстік-Батыс, 1-ші Украин, Солтүстік-Кавказ майдандарында болды. Соғыс операциясында 1941 жылы тамызда және 1944 жылы сәуірде екі рет ауыр жарақат алды. 1942 жылдың мамыр айында денесіне қатты зақым келді.

Қызыл Жұлдыз орденімен, ҰОС II дәрежелі орденімен марапатталды. Немістерге қарсы күрес кезінде батыл, табанды екенін көрсетіп, әскери топты жауға қарса жұмылдыра білді.

@. @assel_assanova