Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Орыс поэзиясының Айы: Лермонтов туралы 5 дерек

Орыс поэзиясының Айы: Лермонтов туралы 5 дерек

Орыс поэзиясының Айы: Лермонтов туралы 5 дерек

Бүгін – "орыс поэзиясының Айы" атанған Михаил Юрьевич Лермонтов жарық дүние есігін ашқан күн. Биыл ақынның туғанына 205 жыл толып отыр.

►  Шежіре

Кей деректерде Михаил Юрьевичтің  арғы атасы өмірі құпияға толы Томас Лермонт есімді шотландиялық бадр деп жазылады. Ол кісінің көріпкелдік қасиеті болған деседі. Мистикаға бейім ақынның өзі де осыны ұстанатын. Оның үстіне, Томас Лермонт оның атасы болса, ақынның Байронға тікелей қатысы болар еді.

Бірақ жасаңдау шағында Испания королі Филипп III-нің фавориті болған Франсиско Лерманы өз атасы деп есептеген. Сол кездері жазған хаттарға "Лерма" деп қолтаңба қойған екен.

►  Тәрбие

Лермонтов өте әлжуаз, аурушаң бала болған. Анасы 21 жасында өмірден өткеннен кейін, бала әкесімен қалуы тиіс еді. Бірақ, сол кездері жағдайы нашарлап кеткен Юрий Петрович аса көндіге қоймаса да, баланы бақуатты нағашы әжесінің қолына өткізуге мәжбүр болады. Жиенін қызының көзіндей көрген Елизавета Алексеевна ол дегенде алдына жан салмайтын. Оның сауатты, жан-жақты жігіт боп ер жетуіне ықпал етті. Бір қызығы, бұл кісі күйеуі, туған қызы, күйеу баласы, тіпті, немересінен кейін ғана өмірден өткен.

►  Алғашқы махаббат

Лермонтовтанушылар оның алғаш рет 9 жасында ғашық болғанын айтады. Өзінен бір жас үлкен кавказдық қызға арнап тұңғыш өлеңін жазған екен.

► Өмірлік махаббат

Варвара Александровна Лопухина – орыстың ұлы ақыны Михаил Юрьевич Лермонтовтың өмірлік махаббаты.  Ақын 1831 жылы өзінің Алексей есімді досының қарындасы Варенькамен танысып, оған ғашық болады. Кітапқа әуес Варенька нағыз роман кейіпкерлеріндей сұлу әрі қиялшыл бойжеткенге айналады. Қою қара көзді, сары шашты көрікті қыз ақынның жүрегінен өшпес орын алды. Осындай сұлулықтың қасында Лермонтов өзін сұрықсыз адамдай, оғын лайық еместей көретін. 1832 жылы ақын сүйгенінің деңгейіне жетерліктей даму мақсатымен Петербордағы юнкерлер мектебіне оқуға аттанады. Осы кезде қос ғашықтың арасындағы байланыс үзіліп қалады. Лермонтовтың кеткенін пайдаланып Вареньканың ата-анасы үгіттеді ме, әлде біреулер ақынның қалада өзге қыздарға көңілі ауып жүргенін жеткізді ме, әйтеуір, Варенька сол уақытта өзінен әлдеқайда үлкен кісіге тұрмысқа шығып кетеді.

Мұндай қадамды сүйгенінің опасыздығы деп қабылдаған ақын жігіттің қатты көңілі қалады.

►  Болмыс

"Орыс поэзиясының Айы" туралы Тургенев: "Лермонтовтың сыртқы келбеті трагедиялық һәм қаһарлы көрінетін", - деп жазған. Тіпті, оның күлкісінің өзі мысқылға тұнып тұратын. Жаңғыра шығатын жағымсыз дыбыс құлаққа түрпідей тиетін. Соның кесірінен сұрықсыз әрі суық көрінетін Лермонтов көрікті жігіттерге ғашық болуға бейім нәзік жандылардың назарына іліге бермейтін. 

Бірақ...

Алғашында өзіне жұмбақ, суық әрі мінезді бозбала образын жасауға тырысқан жас ақын уақыт өте сол болмыстың өзін толықтай жұтып алғанын сезбей қалды.

Ол үнемі өзін өзгелерден оқшау ұстайтын. Қоғам қаймағы жиылып көңіл көтеретін балдардың өзінде ол өткір жанарымен тесіп өтердей сұқтана қарап жалғыз тұратын. Оның мысы басым көзқарасына әйелдер де, ерлер де төтеп бере алмайтын. 

Лермонтов туралы естеліктердің бірінде: "Ол үнемі жалғыз жүретін. Лермонтовтың улы жанары қараған жанды есеңгірететін", - деп жазылған.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 15 қазан, 12:51
Тегтер: Лермонтов, Ақын,

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.