Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аяқталмаған туынды: Бейімбет Майлиннің "Қызыл жалау" және "Қоңсылар" романдары

Аяқталмаған туынды: Бейімбет Майлиннің "Қызыл жалау" және "Қоңсылар" романдары

Аяқталмаған туынды: Бейімбет Майлиннің

Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлин өндіре жазып, сөз өнерінің алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді",- деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста – қырықтың төртіне жетер-жетпесте дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. 

Бейімбет Майлин дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.

Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса “Азамат Азаматович” атты роман жазған қаламгер. Оның “Қызыл жалау”, “Қоңсылар” атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.

“Қызыл жалау”және “Қоңсылар” романдары туралы

Бейімбет Майлиннің өткен ғасырдың отызыншы жылдарында жазған “Қызыл жалау”, “Қоңсылар” романдары не үшін аяқталмай қалғанын тап басып ешкім айта алмайды. Ал, бейімбетттанушы ғалым Тоқтар Бейісқұлов аталған романдар аяқталған, бірақ 1937 жылы Бейімбетті ұстап алып кеткен жендеттер оның біраз шығармаларын қолды қылған, соның алдарынан аталған екі романның аяғы жоғалған дейді. 

“Айта кететін бір нәрсе, алып өндірісті көрудің нәтижесінде “Қызыл жалау” атты роман жазуды ойластырады да тағы да Қарағандыға барады. Шығарманы жазып бітіріп, жақын тартқан адамдарына оқып берген. Үзінділерін кейбір басылымдарға жариялатқан. Бірақ амал не, толық нұсқасы жоғалған, табылмайды, тек басылған үзінділерін қанаған көріп жүрміз”, - дейді бейімбеттанушы ғалым. 

Тоқтар Бейісқұлов “Қоңсылар” романы жайлы да дәл осындай пікірде. Оның айтуынша, бұл романның толық нұсқасын Кеңес өкіметінің жендеттері жойып жіберген.

“... “Қоңсылар” және “Қызыл жалау” романдарының жазылып аяқталғаны анық болса да, толық нұсқалары жоғалып кеткен., тек үзінділері ғана табылып отыр.  1937 жылы 6 қазанда Бейімбет Майлинді жендеттер түн ішінде ұстап әкеткенде алты қолжазбасын қоса алып кеткен ғой. Ол сол бойы құртылып жіберілді. Сонда кеткен болуы керек”, - дейді ғалым. 

Романдардың соңы қалай аяқталған?

© bookmate.com

Әйткенмен, Боқбасарды босату үшін отрядқа бір нәрсенің керек екені рас. Боқбасардың өзінен өнер ешнәрсе жоқ. Олай болса, бір жағынан көптің өтінішін орындаған болады, екінші жағынан – шығынды елден шығарып, шалды босатқан атағын өзіне қалдырады. Әбділда осыны ойлап, отряд бастығымен сөйлесті де, керекті нәрсесін айтты.

– Кілең ғана Керенский мен Николайдың ақшасы болсын, басқасын алмайды, – деп пысықтады” (“Қоңсылар” романының соңғы беті).

© bookmate.com

“...Әбдіқан тұрған ағаш үйдің бір жағы Жұмақанның пәтері. Жұмақанның әйелі Ырысбике дейтін – Қалжанның Оразының қызы ғой. Ораздың дүрсіп тұрған кезінде бұғағы салбыраған, көзі тостағандай үлкен қара торы бәйбішесі болушы еді, содан туған қызы ғой бұл. Үй жабдығына құнтты-ақ. Қай елге келсе де бірер күннің ішінде: шайың, қантың, ұның, етің Ырысбикенің маңында үйіліп жатады”. 

– Мен болмасам аштан өлер едің-ау, – дейді Ырысбике Жұмақанға күлімсіреп (“Қызыл жалау” романының соңғы беті). 

Үзіндіден көріп отырғанымыздай екі шығармада диологпен аяқталмай қалған.

Шынында да бейімбетттанушы ғалым Тоқтар Бейісқұловтың сөзі қисынға келеді. Себебі “Қызыл жалау романы 1934 жылы жазылған. Ал “Қоңсылар да” сол шамада қағазға түскен. Екеуінің үзіндісі 1934-35 жылдардағы түрлі басылымдарда жарияланған. 1937 жылғы Бейімбет Майлиннің ұсталып кеткеніне дейін 3 жыл бар. Осы аралықта аталған екі романның бітпей қалуы мүмкін емес. Оның үстіне ұлы жазушының орасан зор еңбекқорлығын қосыңыз. 

0
Рейтинг: +3

Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 12 қыркүйек, 13:16

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.