Сұраған Рахметұлы. Постмодернизм деген не?

Сұраған Рахметұлы. Постмодернизм деген не?
Фото: ult.kz

. . . Постмодернизм деген не? Осы сұрақты маған қойғанша өзің басқа бір қаракет қылсайшы!? Менің еншім емес қой шырақ... Деседе осы сөзіңе Ницшенің сауалымен жауап берсем бе!?

"Білім һәм кемелдік не үшін керек?!" Менің ойымша Ницше далаға лағып кеткен жоқ... Білуге (ілімге ) шексіз құмарту! Құдды ұлы дүниемен ашығу, құнығу. Постмодернизм - білімге баруға жанталаса майдан ашу.

Постмодернизм - ғарыштану мен тектану. Ол - бүгінгі G-дижитал-"изм"... Постмодернизм - су жаңа технология... "СУ-ұшақтар!!!" Қысқасы ХХ ғасыр жаңалықтары түгел. Өнеркәсіптік төңкеріс, жетістіктер, базары бар заңды капитализм, медиасала, ақпараттың қарқыны, Астанаға салынған "стандартсыз" жаңа құрылыстар да...

Қазақ әдебиетінде постмодернизм бар ма? 

Біздің бұл әлемге қарайтын тағы бір түндік - тереземіз. Бірақ, өзіндік көзқарасы жоқтарға көрінбейтін бөгде құбылыс. Оны "оба"деп жүргендер де дұрыс сандырақтайды. Рас постмоденизм - су жаңа "оба", ақ дерт...

Постмодернизм - ақыннан адамзатқа жолданған "депутаттық" сауал!!! Адамзат оның жауабын әлдеқашан беріп те қойған!? Эзра Паунд, Сальвадор Дали арқылы...

Т. Раушанұлы