«Ауылым – алтын тұғырым» байқауына шығармалар қабылдау мерзімі ұзартылды

«Ауылым – алтын тұғырым» байқауына шығармалар қабылдау мерзімі ұзартылды
Фото: sch28.at.ua

Қаламгерлер қауымынан келіп түскен өтініш, тілектерге орай «АУЫЛ» партиясы және «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталының» ұйымдастыруымен өтетін «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн конкурсының шығармаларды қабылдау мерзімі қазылар алқасының шешімімен 2019 жылдың 15 ақпанына дейін ұзартылды.

Номинациялар бойынша жүлде қоры:

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік проза» (эссе, әңгіме, повесть): 

1-орын 500 000 теңге; 
2-орын 300 000 теңге; 
3-орын 200 000 теңге; 

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік поэзия» (өлең, баллада, поэма):

1-орын 500 000 теңге; 
2-орын 300 000 теңге; 
3-орын 200 000 теңге; 

«АУЫЛ тақырыбына арналған үздік драматургия»: 

1-орын 500 000 теңге; 
2-орын 300 000 теңге; 
3-орын 200 000 теңге;

Бас жүлде «АЛТЫН ТҰҒЫР» әдеби жүлдесі: 

Үш номинациядағы 1-орын жеңімпаздарының арасынан таңдалып алынады.

Арнайы жүлделер: 
Қосымша 10 үздік қаламгерге 100 000 теңгеден арнайы жүлделер тағайындалады. 

Үміткерлер конкурсқа ұсынатын шығармаларын adebiportal.kz порталында онлайн түрде жариялай алады. Техникалық ақаулар болған жағдайда +7 707 744 13 43 нөміріне хабарласуға (WhatsApp-қа жауап жазылмайды) немесе adebiportal@gmail.com поштасына хат жолдауға болады. Толық ақпарат adebiportal.kz және auyl.kz сайттарында. Ауыл тақырыбын толғайтын шығармаларыңызбен әдеби байқауда бақтарыңызды сынаңыздар!

Т. Раушанұлы