"Нобель" иегері Видиадхар Найпол өмірден өтті

"Нобель" иегері Видиадхар  Найпол өмірден өтті
Фото: lenta.ru

1971 жылғы "Букер" сыйлығының, 2001 жылғы "Нобель" сыйлығының иегері Видиадхар Сураджпрасад Найпол 86 жасқа қараған шағында Лондондағы үйінде қайтыс болды. 

Найпол Тринидад аралдарындағы Чагуанас қалашығында 1932 жылы 17 тамызда дүниеге келген. Оның әкесі Сиперсад Найпол 1929 жылдан бастап "Trinidad Guardian" басылымына әңгімелер жазған журналист, провинциялық корреспондент ретінде танымал болған.


Видиадхар Найпол – 30-дан астам кітап авторы. Оның алғашқы "Жұмбақ массажист" туындысы 1957 жылы жарық көрді. Оқырманға кең тараған танымал кітаптары "Бисвас мырзаға арналған үй" және "Көлеңкелер шекарасы" деп аталады.

1971 жылы жазушы "Букер" сыйлығына лайық деп табылса, 1993 жылы Дэвид Коэннің әдеби сыйлығын алды. Арада 8 жыл өткесін "әдебиетке адалдығы үшін" "Нобель" атындағы сыйлыққа ие болды.

Т. Раушанұлы