Библиотерапия – кітапты ауруыңызға қарай таңдаңыз

Библиотерапия – кітапты ауруыңызға қарай таңдаңыз
Фото: pinsdaddy.com

Кітапты көңіл дәрігері деп бекер айтпайды. Дәрігерлердің өзі осы сөзге мән беріп қарап, кітап оқу өте пайдалы екенін дәлелдеп шықты. Тіпті кейбір емханаларда библиотерапия тәсілі қолданыла бастады.

Ливерпулm университетінің ғалымдары тәжірибеге шақырылған адамдардың Шекспир шығармаларын оқып жатқанда миында болатын жедел өзгерістерді анықтады. Мұндай тәсіл психологиялық ауруларды емдеу үшін арнайы тәжірибеден өткізілді. Әдеби шығармалар әсерінде мидың күшті эмоцияларды қозғайтын бөлігінің жұмысы жеделдейді. Соның әсерінен адамдар түрлі сезімге бөленіп, ауруларын ұмытуға аз да болса уақыт табады.

Емдеуге лайық кітаптарды науқас өз талғамына қарай таңдап алуы да қарастырылған. Бастысы библиотерапиядағы талаптарға мойынұсынса болғаны, яғни шығарма қызықты болуы, кітапты оқу барысында оқырман сүйсініп қана қоймай өздігінен ой түйіп, ойлану керек. Сонымен бірге, кітап көтеріңкі көңіл-күй сыйлауы, жарқын әсер қалдыруы ләзім.

Қандай кітаптарды оқу кезінде ақыл мен жүрекке қуат беруі мүмкін? Алдымен тілге тиек етеріміз, классикалық әдеби шығармалар. Бір сыдырғы сюжеттен тұратын шығармалар адамға тыныштық сезімін сыйлайды. Классикалық шығармалар адам рухани соққыға ұшырағанда, орталық жүйке тізімі бұзылғанда, невроз кезінде, керексіз естеліктерді ұмыту кезінде өте көп көмегін тигізеді екен.

Детектив пен қызықты хикаялар адам қырағылығын, байқампаздығын шынықтырады. Күрделі сюжетті шығармалар адамның еңсесін басқан ойлар мен өмір қиындықтарынан арылтады. Көңіл-күй болмаған кезде жан азаптанғанда кітап оқу емдеу міндетін атқарады.

Ғылыми фантастикалық шығармалар мүмкін болған, барлық нәрсеге қатысты ойды кеңейтеді. Ой мен қалауларды қорықпай қиялдан өткізу, адамдардың бəрі бірдей ойламайтындығын, оларда да оптимистік ойлар бар екендігін түсіндіреді. Осындай кітаптар көңілін қорқыныш жайлаған, қорқыныштан зардап шегетін, белгілі бір шеңбер ішінде өмір сүретін науқастарға дәрігер тарапынан ұсынылады.

Лирикалық шығармалардағы анық ырғақ ағзада болып жатқан үдерістерді бірқалыпты етеді. Көңіл-күйді көтереді. Адамға өзіне деген сенімін оятады. Депрессия кезінде, инсульттан кейін кекештенуді емдеуде лирикалық шығармалар таптырмас шипа саналады. Бұл түрдегі кітаптар, бір орнында отырмайтын, сөз тыңдамайтын балаларды тәрбиелеуде де өз көмегін береді екен.

Құқыққа қатысты шығармалар кейбір көңілсіз оқиғалардың алдын алу, салмақты қарым-қатынас жасауды үйретеді.

Философиялық шығармалар дүниенің жарқындығы мен мейрімділігі, өмірдегі адамның орны жайындағы әсерді дамытады, көңіл-күйді көтереді. Рухани аурулардан зардап шегетіндерге дәрігерлер осындай кітаптарды ұсынады.

Оқу үшін дұрыс кітап таңдай білсеңіз, ол өміріңізді жарқын түстерге толтырып, пессимистік ойлардан арылтуға, дүниені, өзіңізді тануға көмектеседі. Кітапты өмірлік серік етіңіз. Себебі, данышпандар жақсы кітап оқу ақылды адамның әңгімесін тыңдаумен бірдей деп бекер айтпаған.

Т. Раушанұлы