- Негізгі бет
- LifeStyle
- Дәрігер қыжылдан құтылуға...
Дәрігер қыжылдан құтылуға көмектесетін тиімді әдіс ұсынды
Сағыз шайнау және қарапайым тыныс алу жаттығулары қыжылды тез басуға көмектеседі. Бұдан бөлек, банан мен бір шай қасық сода қосылған стақан су да кеуде тұсындағы ыңғайсыздықты басады. Бұл туралы нутрициолог Том Мэтью мен физиотерапевт Нелл Мид айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Том Мэтьюдің сөзінше, өңеш пен асқазанның арасында орналасқан бұлшықет дұрыс жұмыс істемей, тағамды ұстай алмағандықтан, асқазан сөлі өңешке түсіп, тітіркену тудырған кезде қыжыл пайда болады. Қыжылдың тағы бір ықтимал себебі бар, ол шамадан тыс тамақтану.
Ол қыжылдан тезірек құтылу үшін сағыз шайнауға кеңес берді.
Ал физиотерапевт Нелл Мид кеуде тұсындағы ыңғайсыз сезімді кетіру үшін тыныс алу жаттығуларын жасауды ұсынды. Яғни, алдымен дұрыс тыныс алу керек, іштің қозғалысы байқалуы үшін мұрын арқылы дем алған жөн екенін жеткізді.
"Мұрынмен тыныс алғаннан кейін ауаны мүмкіндігінше толық шығырып, деміңізді ұстап тұрыңыз. Қажет болса, мұрын мен ауызды қолмен жауып тұруға болады. Ұзақ уақыт дем алмауға тырысыңыз", - деп кеңес берді Нелл Мид.
Дәрігер бұл жаттығу диафрагманы созып, өңешке түсетін қысымды төмендетіп, тағамды асқазанға қайта итеруге көмектесетінін түсіндірді.
Айта кетейік, бұған дейін асқазан қатерлі ісігінің алғашқы белгілері қандай екені хабарланған болатын.
Асқазан қатерлі ісігінің алғашқы белгілері:
- Іштің жоғарғы бөлігіндегі қысым мен толып кету сезімі, тез тойып қалу, мысалы сіз көзіңізбен тамақтанып тұрсыз, бірақ шын мәнінде аузыңызға тамақ салсаңыз, асқазан толып, тіпті ауыра бастайды;
- Кекіру және қыжыл. Ол әдетте тамақтан кейін, сондай-ақ тамақтануға немесе тағамның құрамына қарамастан пайда болады;
- Тәбеттің өзгеруі;
- Жүрек айну және құсу;
- Жұтыну кезіндегі қиындықтар. Жұтынған кезде тамақ кептеліп, төс сүйегінің артында немесе іштің жоғарғы бөлігі ауырады. Ауырсынуды басуға су ішу көмектеседі, ал мәселе шиеленіскен жағдайда сіз тіпті құсуыңыз мүмкін. Бұл өңеш, асқазанның немесе кардияның жоғарғы бөлігінің қатерлі ісігіне тән қасиет;
- Анемия - бұл себепсіз шаршауға, айналасындағыларға немқұрайлы қарауға әкеледі.
- Іштің бүріп ауыруы;
- Салмақ тастау.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/94828/
Тағы да оқи отырыңыздар: Жүзім кептірілген кезде өзінің массасының 65 %-ін жоғалтады. 40 кг таза жүзімнен қанша кг кептірілген жүзім мейіз алуға болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә