"Бұл да бір сынақ". Құрманай Бақтиярқызы денсаулығы туралы айтты

"Бұл да бір сынақ". Құрманай Бақтиярқызы денсаулығы туралы айтты
Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy/

Танымал әнші, ақын Құрманай Бахтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулығы жайлы сыр шертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші бірнеше күн бұрын сырқаттанып қалғанын айтып, жазба жариялаған. Енді жылдам айығып кету үшін өз шаңырағына келген. 

"Шаңырақта тез жазылып кетермін,
Бұлда сынақ, жеңіп басып өтермін.
Қазағымдай жанашырым бар кезде,
Әлі биік белестерге жетермін", - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін ақын Құрманай Бақтиярқызы ауыр халде жатқаны хабарланған болатын. Бұл туралы эстрада әншісі Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Тағы да оқи отырыңыздар: Көктемде қандай дәрумендер ішу керек?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә