Үздік болғыңыз келе ме?

Үздік болғыңыз келе ме?

Америкалықтың отбасында екі ұл дүниеге келіпті. Әлгі ұлдың бірін әкесі "Жеңімпаз" (Winner) деп атаса, екінші біріне "Бейбақ" (Loser) деп ат қойған. Бүгінде олардың жасы қырықтың қырқасында. Бейбағымыз жақсы білім алып, полициядағы із кесушілік мансап жолында үлкен жетістіктерге жетсе, Жеңімпазымыз болса, үнемі жайсыз жағдайларға топ болып, тіпті, бірнеше рет абақтыға отырып қайтқан. Одан қалса, қаңғыбастарға арналған орталықта өмір сүретін көрінеді.

Кира Найтли «Звёздные войны. Эпизод I: Скрытая угроза» фильмінде Натали Портманның дублері болған.

Қорқынышты әрі ең сұрапыл ақ боран 1972 жылы Иранда соққан. Бірнеше аптаға созылған түтектен көптеген елді-мекен сегіз қабат қар астында қалған. Нәтижесінде 4 000-ға жуық адам көз жұмып, боран соққан үш елді-мекенде бірде-бір адам тірі қалмапты.

Түрлі-түсті теледидарды көретін адамдардың түсі қара-ала (черно-белый сон) болып келеді екен...

Бас қатырғыштар (головоломка) әйгілі болған жылдарда қарандаштың сауда-саттығы 700 пайызға өскен.

1957 жылы BBC эфирге тарихта бұрын-соңды болып көрмеген жаңалықты шығарған. Олар Швейцарияның солтүстігінде тұратын және макарон ағашынан спагетти өндіретін бір отбасы туралы айтқан.

Қытайдағы "IKEA" дүкеніне кез келген адам кез келген уақытта бас сұғып, кез келген диванға барып көз шырымын ала алады.

Бұрында аустралиялық бір қылмыскердің абақтыдан қашып шыға бергені соншалықты, ақырында сол елдің өкіметі сол адамға арнайы камера жасатқан. Әлгі камераның берік екеніне сенімді болғандықтан, аталған қылмыскерге камерадан қашып шыққан жағдайда кешірім береміз деген көрінеді.

Канаданың бір елді-мекеніндегі гравитация Жер бетіндегі ең әлсіз гравитация болып саналады.

сурет:imdb.com; merriam-webster.com; palleonn.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига