Әлемнің қай бұрышында интернет жылдам жұмыс істейді?

Әлемнің қай бұрышында интернет жылдам жұмыс істейді?

Жуырда ғалымдар әлемнің қай түкпірінде интернет жылдам жұмыс істейтінін анықтады.

Сараптама бойынша бұл тізімде алдыңғы қатарда оңтүстік-шығыс Азия мемлекеттері екен. Дәлірек айтатын болсақ, 2012 жылдың соңғы кварталында Оңтүстік Корея мемлекеті ғаламтор жылдамғы жағынан бірінші орында келеді екен. Екінші орында Жапония елі орналасқан. Үшінші сатыда тағы да бір азиялық ел - Гонконг.

Азия құрлығынан кейін бұл тізімде Еуропа елдері орналасқан. Олардың қатарында – Швеция, Ұлыбритания, Швейцария бар. Технологиясы қанша қарқынды дамығанымен, интернет жылдамдығы жағынан АҚШ бар болғаны бұл тізімде тоғызыншы сатыға жайғасыпты.

Ал Қазақстан мен Ресей ғаламтор жылдамдығы жағынан үздік отыздыққа да кіре алмай отыр.

Мамандар тізімді жасағанда әр елдегі ғаламтордың орташа жылдамдығын өлшеген. Бұл көрсеткіш бойынша Оңтүстік Корея елі сөзсіз бірінші орында. Ол жақта интернеттің орташа жылдамғы 51,4 Мбит/секундқа тең келеді екен. 

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: hint4.me 

Ю. НИКУЛЛИН