"Ескі" Nokia сатылым жағынан әлемде бірінші орында

"Ескі" Nokia сатылым жағынан әлемде бірінші орында

Смартфондар мен түрлі қосымшалары бар ұялы телефондар қарапайым “ескі” Nokia телефонын нарықтағы сатылым жағынан оза алмай жатыр.

Ағылшын басылымдарының статистикасы бойынша, бүгінгі ұялы телефондар нарығындағы сұранысқа ең көп ие болатын 2003 жылы шығарылған Nokia 1100 моделі болып шықты.


Ешқандай да қосымша бағдарламалары жоқтығына қарамастан бұл телефон нарықтағы сатылымы жағынан бірінші орында. Nokia 1100 телефонының осы уақытқа дейін  250 миллион данасы сатылған екен.

Статистика бойынша сатылым жағынан екінші және үшінші орында тағы сол Nokia комапаниясы өндіретін 3210 және 3310 маркалы телефондар орналасқан.

Төртінші орында iPhone смартфондары. iPhone осы уақытқа дейін өзінің 100 миллион смартфонын сатып үлгерген.

Сатылым жағынан бесінші орынды 2009 жылы танымал болған Motorola RAZR телефоны иеленген. 

Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: segodnya.ua

Ю. НИКУЛЛИН