Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / "Өмір деген қызық қой!"

"Өмір деген қызық қой!"

"Өмір деген қызық қой, қызық жерін сызып қой!".. Бүгін тағы да шартараптан жиналған ең үздік деректерді топтастырып отырмыз.

Элвис Пресли мектепте өтілетін пәндердің біреуінен ғана құлап қала берген. Ол - музыка.

Атақты "Оңай ғой, Ватсон!" («Элементарно, Ватсон») деген сөз тіркесі Шерлок Холмстің өмір-тарихын жазған Артур Конан-Дойльдың бірде-бір еңбегінде жоқ болып шықты.

Чипсының шығу тарихы мүлде күлкілі. Бірде мейрамханалардың біріне бас сұққан жолаушы аспаздың тапсырыс бойынша алып келген картоп тағамына көңілі толмай, бірнеше рет өтініп, ақыры аспаздың ашуын туғызады. Содан алқымға келген ашудың бір меселін қайтарып қалу үшін аталған аспазшы картопты тіптен жұп-жұқа етіп, қуырып алып барады. Таңғалғаны соншалық... Әлгінде ғана сұқ саусағын шошайтып отырған жолаушы тағамның дәмінен бас айыра алмаған. 

Бразилияның абақтыларында күзетші есебінде қаздар қызмет атқарады.

Кезінде қарындаш салған таңбаны, яки әріпті өшіру мақсатында нан тіліктері пайдаланылған.

Әлемдегі ең қысқа эскалатор Жапонияда орын тепкен. Аталған қондырғы адамдарды 83 сантиметр биіктікке дейін ғана көтере алады.

Әр елді-мекеннің сиырлары әртүрлі акцентпен мөңірейтін болып шықты.

Қытайда құны 1,5 миллион доллар тұратын ит өмір сүруде.

Жер бетіндегі әр 200-адам Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болып саналады.

Ангельман синдромы - сирек кездесіп тұратын генетикалық ауру. Мұндай жағдайда адам өз күлкісін тежей алмайды.

Бананның сыртық қабығы ішкі өнімнен де әлдеқайда пайдалы болып шықты. Мәселен, құрамында серотонин дәрумені көп болғандықтан, еш ойланбастан депрессия салдарында тұтына беруге болады.

сурет:farminfoservice.ru; libo.ru; nohit.ru; nedo4life.blogspot.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

4362 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 14 қаңтар 2013, 14:56
Пікірлер
+0
14 қаңтар 2013, 13:28

Ақпараттар қызықтырды, тамаша!

+0
14 қаңтар 2013, 13:39

Мына әлемнің қызығ таусылмайды гой

+0
14 қаңтар 2013, 15:26

алемде ар 200 адам Шынгыс ханнын урпагы болып келедi :roll: :?

+0
14 қаңтар 2013, 16:03

Бразилияның абақтыларында күзетші есебінде қаздар қызмет атқарады Қалай сонда?

+0
15 қаңтар 2013, 11:51

бананның сыртын маймылдар да жемейді ғой))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...