Сіз білмейтін!

Сіз білмейтін!

Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жанға жайлы деректерге көз жүгірте отырыңыз. Бәлкім, бір іздегеніңіз табылып қалар. 

17 ғасырда бір алхимик зәрден алтын алам деп, ақырында фосфорды ашқан.

Көліктің түр-түсін бүлдіріп немесе ластап жатқан суырларды тек антифризбен тоқтатуға болады. Аталған ерітінді оларға есірткі сияқты әсер ететін болып шықты.

Кезінде Швейцарияда ядролық шабуылдан қорғану мақсатында көптеген үй салыныпты. Бір деректерге сенсек, арнайы салынған үйлерге елдің 114 пайыз елді-мекені сыйып кететін болған.

Немере мен немере туысқан адамдар арасындағы отбасын құру - әлемде жұптық некенің 10 пайызын құрайды.

Ағылшын тіліндегі Википедияда қаламсапты шыртылдатуды түсіндіретін арнайы мақала бар.

Джеки Чанға алты жас толар-толмаста ата-анасы оны британдық докторға 100 бірнәрсе долларға сатып жібергісі келген.


Кейбір елдің мәдениетінде масадан жасалған бургер тағамы жеңсік ас болып табылады. 

Бір ғана соғыста флот, атты әскерге жеңілуге мәжбүр болған. Ол оқиға 1795 жылы орын алған сыңайлы. Сол кездің франуздары нидерландық кемелердің Тексель аралының маңында қатып қалғанын анықтайды. Артынша 128 атты әскерді жіберіп, берілулерін талап еткен. Және бірде-бір оқ шықпастан француздар жеңіске жетіпті.

Обырдың емін (дәрі-дәрмек) басып шығаратын 3D-принтер бар болып шықты.

Эйфель мұнарасын соқпастан бұрын келісімшартқа аталған құрылыстың 20 жылдан соң бұзылатыны туралы нұсқаулық енген. 

Әйелдердің құрт-құмырсқадан қорқуға генетикалық бейімділігі бар.

сурет:liveinternet.ru; e-np.ru; faqlife.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига