Рим Папасы туиттерден аккаунт ашты

Рим Папасы туиттерден аккаунт ашты

Бенедикт XVI Рим Папасы Twitter микроблог сервисында өз аккаунтын ашты.

Жаңа аккаунт туралы толығырақ алдағы дүйсенбі күні өтетін баспасөз мәслихатында айтылатын болады. Дегенмен ватикандықтар Бенедикт XVI-нің аккаунтты өзі жүргізбейтіндігін айтты. Себебі ол кісі компьютерде өте сирек отырады екен.

Таратылған ақпараттарға сәйкес микроблогтардың жалпы мазмұны понтификтің өсиеттеріне арналатын болады.

Әйтсе де әрбір туит жарияланбас бұрын Бенедикт XVI-ге көрсетіліп құпталып отырады.

Қаңтар айында мақұлданған жоба негізінен жастар аудитоиясына бағытталған.

Рим Папасының блогы сұранысқа қаншалықты ие болатындығы белгісіз, - дейді жоба авторлары. Айта кетелік, бұл шешімнің қабылдануының өзі елде біршама пікірталас туғызған болатын.

Бұған дейін news.va адресінде Ватиканның ақпараттық порталы ашылғандығын да естеріңізге сала кетелік. Сайтта понтификтің өмірі мен жұмысын ашықтайтын мақалалар мен видеофайлдар жарияланып жүр.

Ватикан Eуропада орналысқан бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел. Рим католик шіркеуінің орталығы.

Ватикан қала-мемлекеті – католик шіркеуінің орталығы. Рим қаласының батыс жағында орын тепкен. Жер аумағы 0,44 км². Бұдан басқа Римнің іші мен сыртында Ватиканға қарайтын үш собор бар. Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері: латын және италия тілдері.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: rian.com.ua