Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Жер тұрғындары XXI ғасырдың ең жарық құйрықты жұлдызын көре алады

Жер тұрғындары XXI ғасырдың ең жарық құйрықты жұлдызын көре алады

Жер тұрғындары XXI ғасырдың ең жарық құйрықты жұлдызын көре алады

Америка астрономдары ATLAS кометасы Күнге қарай беттеп келе жатқанын мәлімдеді. Бұл XXI ғасырдағы ең жарық комета болмақ. 23 мамыр күні солтүстік жартышардың тұрғындары ешқандай құрылғының көмегінсіз-ақ кометаны көре алады.

Өткен жылдың желтоқсан айында Asteroid Terrestrial-impact Last Alert System (ATLAS) астрономдары ашқан кометі бастапқыда әлсіз көрінген. Алайда бір айдан соң құйрықты жұлдыздың мөлшері төрт еселеніп көрінген екен. Ал 17 наурыз күні комета алғашқы бейнесімен салыстырғанда 600 есе жарығырақ болған.

Астрономдар кометаны Күннен 439 миллион шақырым қашықтықта анықтаған, ал 31 мамыр күні ол Күннен 37,8 миллион шақырым жақын жерден өтеді. 

Егер ATLAS қазіргі қалпын сақтап, күннен күнге қуаттана берсе түнгі аспанда Аймен бірдей көрінетін болады. Бұған қоса мамандар ATLAS-тың жарығы 1844 жылы 290 күн бойы Жер тұрғындарына көрінген Ұлы кометамен бірдей болады деген пікірде.

Италия астрономы Алессандро Марчини Youtube-арнасында кометаның қалай көрінуі мүмкін екенін көрсететін видеоны жариялады.

Мамыр айында солтүстік жартышардың тұрғындары түнгі аспаннан жасыл реңді денені тамашалай алады дейді астрономдар. 

 
0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: pixabay
Қосылған күні: 31 наурыз, 09:40

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->