Бәрін білем десеңіз!

Бәрін білем десеңіз!

Алматыда қалың қар жауып жатқанда, әлемге бір назар аударар шақ туды. Сіз бен біз білмейтін қызықтар мен шыжықтар қаншама...

Жердегі ең кәрі адамдардың бірі - 122 жастағы бір әйел өзінің ұзақ өмір сүріп келуінің сырын емдәммен байланыстырады: зәйтүн майы, портвейн мен апта бойына жететін бір келі шоколад.

Пәкістандық 15 жасар жасөспірім 780 000 порносайттың жабылуына қол жеткізген.

Пульттағы "тоқтау" ("пауза") таңбасы нота жазуынан алынған. Ол "цезура" деп аталып, "әр музыкалық туындылардың аралығын бөліп тұратын шекара" деген мағынаны береді екен.

Қазіргі таңда Америкада 18,6 миллион үй бос тұр. Егер бұл үйлерді бөлген жағдайда Шотландияның әр тұрғынына үш үйден келсе, үйсіз-жайсыз жүрген америкалықтарға алты үйден үлестірілетін еді.

Радиоактивті химиялық элемент болып саналатын "полоний-210" ең алғаш темекі түтінінен табылған.

Жер бетінде ұшатын жыланның қаншама түрлері бар және олардың барлығы дерлік құрбандықты таңдап ала алады.

Хронофобия - уақыттың өтуіне алаңдататын жүйкелік қорқыныш. Көбіне ұзақ жылға үкім шығарылған абақтыдағы адамдарда болады.

1902 жылы Альберт Эйнштейнның отбасында қыз бала дүниеге келген. Ол қыз қайда кеткенін ешкім білмейді.

Ваннада шомылып жатқанда перденің ішке қарай тартылатыны туралы ғылыми дәлелденген төрт теория бар.

Найзағайдың температурасы Күн бетіндегі температурадан бес есе жоғары.

сурет:hovikcharkhchyan.wordpress.com; 1001facts.info

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига