Аппақ-аппақ қар...

Назарларыңызға қар туралы қызықты мәліметтерді ұсынамыз.

Әлемнің ең мықты деген ғалымдары жасаған зерттеу жұмыстары жер бетінде бір-біріне ұқсас
қарды таппаған. Әрбір қардың 95 пайызы ауадан тұрады. Сондықтан да оның құлау жылдамдығы өте аз болып келеді (0,9 км\сағ). Қар түсінің ақ болуы себебі ауаның көптігіне байланысты.

Тарихта өзге де түсті қар жауған кездер болған. Мәселен, 1969 жылы Жаңа Жыл мерекесі қарсаңында Швейцарияда қара қар, ал 1955 жылы Калифорнияда жасыл қар жауған. Антарктиданың биік тауларында алқызыл, күлгін, қызыл, сары түсті қарлар кездеседі. Қарды суға салғанда біртүрлі қызық дыбыс шығарады. Ғаымдар бұл дыбыстың балықтарға ұнамайтындығын айтады. Су мекендеушілері суға түскен қардан қашатын көрінеді. Қыстыгүні қар күн сәулесінің 90 пайызын қайтарып тастайды да, жерге қыздырынуға мүмкіндік бермейді. Әлемдегі ең алып қар 1987 жылы 28 қаңтар күні АҚШ-тан табылды. Оның диаметрі 38 см-ге жеткен. Қардың сықырын -2 температурада аяқпен басу арқылы естуге болады. Жер планетасының жартысына жуық елдері қарды өмірлерінде көрмеген.

 

 Суреттер:mytravel.in.ua,vseznaichik.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева