Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Фото әлеміндегі қызықтар

Фото әлеміндегі қызықтар

Фото әлеміндегі қызықтар

Бүгін сіз бен біз фотографтар әлеміндегі қызықтармен танысып, тарих беттеріндегі атақты фотосуреттер мен танымал фотографтар жайлы сөз қозғамақпыз.

Жанартаудың атқылауын суретке түсіріп, өзі сол жерде қаза тапқан фотограф кім?

1980 жылы атқылаған Сент-Хеленс жанартауын суретке түсірмек болған фотограф онда жақындап баруға болмайды деген ескертпелерге қарамастан, тура тартқан. Жанартаудың нағыз қайнап тұрған шақтарын суретке түсіріп болған фотограф фотоаппаратын сөмкесіне салып, оны өз денесімен қорғаған. Оның өлі денесі 17 күннен соң табылды. Бірақ өліммен арпалысып жүріп түсірген суреттері де, фотоаппараты да аман қалған. Артынша осы суреттердің арқасында геологтар жанартау атқылының жоспарын жасап шығарған.

Неге фотографтар суретке түсірер кезде "Қазір құс ұшады!" дейді?

Бұрындары фотоаппарат камерасынан шынында да құс ұшып шығатын болған. Әрине, тірі емес, жасанды құс. Суретке түсушілердің назарын аудартып, балаларды бір нүктеге қарату үшін осындай құстар пайдаланылған. Кейінгі кездері камералардан мұндай құстар ұшпаса да, осы сөз бәрінің жадында сақталып қалды.

Ең алғаш суретке түсірген кім?

Ең алғашқы суретті жасаған Жозеф Ньепс болатын. Әлемдегі ең алғашқы фотосурет - "Терезедегі көрініс" деп аталады. Бұл атақты сурет 1826 жылы 8 сағат дегенде ғана түсірілді. 

Эйнштейннің тілін шығарып тұрған танымал суреті қашан түсірілді?

1951 жыл еді. Дәл өзінің туған күнінде атақты физиктің осы суреті түсірілді. 

Мэттью Б. Брэди тарихта кім болып қалды?

Атақты фотограф Мэттью Б. Брэди тарих бетінде өзін-өзін суретке түсіріп, автопортрет жасаған алғашқы фотограф болып қалды.

Жердің ең алғашқы жарық суреті қашан түсірілді?

1972 жылы 7 желтоқсанда Апаллон әуе кемесінің тобы кейін «The Blue Marble» («Көк мәрмәр») деп аталып кеткен атақты фотосуретті дүниеге әкелді. Жер Күннен сәл ғана алыстағанда, жап-жарық сәтті түсіріп алған олардың төбелері көкке жеткен болатын. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: factroom.ru, gota.ru, kotofot.ru

4961 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 27 қараша 2012, 15:23
Пікірлер
+0
27 қараша 2012, 18:09

Сент-Хеленс жанартауын суретке түсірген фотографтың аты да сақталмапты :(

+0
27 қараша 2012, 18:29

керемет сұрақтарға жақсы жауап беріліпті. Фотоға түсірудің машақаты тіптен бөлек...

+0
27 қараша 2012, 20:54

керемет

+0
27 қараша 2012, 21:05

оз iсiне берiлген адам кандайда болсын тауекелге барады екенау!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...