Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Адам энергиясы – глюкоза

Адам энергиясы – глюкоза

Адам энергиясы – глюкоза

“Әже, алдымен, жолаушыны тамақтандырыңыз. Кейін сұрағыңызды қойыңыз” – дейді Иван мыстан кемпірге Толстойдың ертегісінде. Иванның сөзінің жаны бар. Біз аш болсақ ми жұмысы нашарлайды, оған тағам жетсіпейді де, шешімі қиын жағдайларды орындауға қабілетсіз бола түседі.  

Мидың басты азығы – глюкоза.Біз оны күнделікті ішетін тамағымыздан аламыз. Мидың тәбеті біз ойлағаннан әлдеқайда зор: Оның салмағы адам салмағының тек 2% болса да, жұмысына ағза жұмсайтын калорияның 20% кетеді. Мидың өзіне тән қоры немесе керекті заттарды сақтайтын арнайы орны жоқ, сондықтан, оған күнделікті глюкозаның қажетті мөлшері түсіп тұруы тиіс. Қалтқысыз жұмыс істеуі үшін миымызға күнделікті 120 грамға жуық глюкоза керек. Бұл 420 ккал-ға тең.


Глюкоза деген не?

Глюкоза – бүкіл адам ағзасына қажетті әмбебап (жалғыз емес) энергия көзі. “Гликолиз” деп аталатын күрделі биохимиялық үрдеріс нәтижесінде глюкоза қарапайым молекулаларға ыдырайды. Бұл үрдіс кезінде алынған энергия АТФ үлгісінде қорға айналады. Бұл – барлық метоболикалық үрдерістердің қоректендіретін молекуланың “батареясы”. Ми глюкозадан АТФ-ті тек қажетті жағдайда өндіреді: мысалы, көру аймағына қуат керек болса, энергияға айналатын қант белсенді түрде сол аймаққа жеткізіледі. Миға керек глюкоза килокалориясының (60-70 пайызы) негізгі бөлігі миға жүйке импульсін ағзаға жіберу үшін қажетті. Одан бөлек, энергияны нейромедиаторлардың синтезіне жиі жұмсайды.

Ұзақ уақыттар бойына мидің әр бөлігінде глюкоза концентрациясы бірдей деген тұжырым болатын. Дегенмен, соңғы жылдары мидың әр бөлігінде қанттың таралуын өлшейтін арнайы әдістер мен тәсілдер пайда болды. Глюкоза тек белгілі бір қызмет атқарауға энергия жұмсаған аймаққа қана түсетіні анықталған.

Глюкоза қорын толтыру үшін уақыт керек. Қантты адам миында қалай жұмсалып жатқанын тексеру әзірге мүмкін болмаса да, ашыққан мидың қаннан глюкозаны қалай тартып алатынын аңғару қиын емес.

Глюкозаның зат алмасу үрдісі бұзылған жағдайда ағза ғана емес, ми бөліктері де жұмысын тоқтатады. Сондықтан, кейде диетаға отырып, дәрі-дәрмекті қолданар шақта оның ағзаға беретін пайдасы мен зиянын да ескеріңіз.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: stopkilo.net
Қосылған күні: 16 қазан 2018, 10:32

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.