Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Төрт түліктің тамаша қасиеттері

Төрт түліктің тамаша қасиеттері

Төрт түліктің тамаша қасиеттері

Төрт түлік малдың бір-біріне адалдығы, мейірбандығы, достығы, тектілігі адам баласын таң қалдырмай қоймайды. 

  • Іште кеткен құлын он неше жылдан кейін қайтып келіп, енесінің бұрынғы үйіріне қосылса, аталық айғыр бәрібір оны үйрінен қуып шығады. (Ал, кей адамдардағы сан алуан тексіздікті күні бүгін көріп жүрміз)
  • Алпауыт бұқа, атан өгіз, сүзеген сиыр болсын енесі қанша қораш, әлсіз болса да, оған беттемей жасқанады. Тіпті қанша аш, ызалы болса да, алдындағы жем-шөбін енесіне тастап, тайып тұрады. (Ата-ананы сыйлау – мейлі қандай сәтте де мойындағы парыз ғой)
  • Боталы інген боздап, көзінен жас ағып тұрған қандай да бір ботаны көрсе үстіне түсіп емізе береді. (Оларда мейір-шапағат туыстықпен өлшенбейді. Адам баласының бәрін сүй)
  • Ал қой болса тек бастаушысына ғана ереді. Қой бастаған серке отқа түссе де қоралы қой еш тайынбайды. (Бастаушысын өзі өлтірген кей елдер қазір соғыс өртінің ішінде)

  • Өгіз ауыр жүкті еңістен өрге қарай оңай алып жүреді. (Шынайы талант солай болуы керек еді)
  • Ешкі түлігін бес күн ерінбей таңертең өргізіп кешке қораға әкеліп қамаңыз. Одан кейінгі күндерде иесінсіз-ақ осы әдетті қайталай береді. (Ал мың күн тәрбиелесең де түзелмейтін пенделер жетеді)

  • Күйек кезінде саулықтардың көбі қошқарлардың ішіндегі біреуіне «ғашық» болып, басқа қошқарлардың «қызғанышын» қоздырып алады. (Енді бұған амал жоқ....)
  • Егіз төлдер енесінен бұрын бір-бірін іздеп тауып алады. (Ғұмыр-бақи бауырларын іздемейтіндерді қайтейік)
  • Жылқы түлігі көбінде екі-екіден достасып ала қояды. Әрі «достарын» әсте ұмытпайды. Сан жылдан кейін кездессе де, оқыранып, қасыныса кетеді. (Батыр бабаларымыздың жылқыдан өзге досы жоқ болған дегенге мен қатты сенем осындайда)

 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: zoofayna.ru

31909 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 29 қазан 2012, 17:17
Пікірлер
+0
29 қазан 2012, 18:24

Егіз төлдер енесінен бұрын бір-бірін іздеп тауып алады. (Ғұмыр-бақи бауырларын іздемейтіндерді қайтейік) Жүрекке соққы болды. Тым ауыр...

+0
29 қазан 2012, 18:33

түйенің тағы бір қасиеті бар:басқа жаққа алып кетсе де не ұрлап кетседе ол өз үйін ұмытпайды. Қайтып келеді

+0
29 қазан 2012, 18:49

Қазақ асыраған мал осындай болады, қайтейін енді, америкадағы лақ иесінсіз өз қорасын табады дегенге сене алмаймын. Көп жағдайда иесінің еңбегіне қарай ғой... Еш елде түлікті біздей баға алған, бағалаған ел жоқ, Шопан аталар мен Зеңгі баба да біздікі! дееееп мақтанып кеткен ба ;-)

+0
30 қазан 2012, 09:07

Малда да қасиет бар!

+0
07 қараша 2012, 10:43

Қазақтың жанын да, салтын да сақтаған төрт түлік болатын. Ал қазір ше? Саны көбейсе де, сапасы азып барады. Өйткені, шет елден келген будан малдан шыққан тұқым "қазақтың жанына" жақын емес...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...