Биыл жазда ай тұтылады

Биыл жазда ай тұтылады

Алматылықтар осы жазда 3 сағат бойы айдың тұтылғанын көре алады. Мамандар бұл ерекше құбылыс 17 жылда бір рет қайталанатынын айтады.

Обсерваторияның басты құралы – телескоп. Астрономдар обсерваторияға Ай, сақинасы бар Сатурнды, жолақты Юпитер және Марстың полярлы басын көруге келетіндердің қатары көп екендігін айтады. Мұнда аспандағы әдемілікті тамашалауға оқушылардан бастап, туристер де келеді. Жұлдызшылар Алматы қаласының тұрғындарына жазда ерекше табиғи құбылысты тамашалауға болатынын болжап отыр.

«Биыл айдың тұтылуын 28 шілде күні, тура түн ортасында көруге болады. Ол түнгі 00:23-те көрінеді. Сол үшін 27 шілде күні түнде далаға шығып, уақыттың 00:00-ге ауысқанын бақылау керек. Тұтылу 3 сағатқа созылады деп күтеміз», - деді зертхана меңгерушісі Любовь Шестакова.

Мамандар ай тұтылған кезде айдың беті толықтай жабылатынын айтады. Одан бөлек, 28 шілде күні Марс планетасымен қарама-қарсылық туады. Бұл дегеніміз Жер мен Марс 17 жылда бір рет бір-біріне өте жақын қашықтықта жақындайды. Осы кезде Марстағы шаңды дауылды көруге мүмкіндік туатын көрінеді.

 baq.kz

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Тәбәрік деген не?
Тәбәрік деген не?
Киіз үйдің математикалық сипаты
Киіз үйдің математикалық сипаты
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
Алғашқы обсерватория қайда орналасқан?
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Астана" қарсыласына қарымын көрсете алмады
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
"Чарли және шоколад фабрикасы" кітабы қандай балаларға арналған?
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып
Жатбауыр – "Атау кере" романындағы кесек тақырып