Жапондар адам ойын оқи бастады

Жапондар адам ойын оқи бастады
Фото: in5d.com

Адамның ойын оқу тегінде балгерлердің қолынан келген. Нақты болмаса да, олардың қара күшке сеніп, адамның ойына түсуге мүмкіндігі болған. Ғылыми дәлелі болмағандықтан, бұл үлкен жаңалық емес. Ал ғылыми жаңалықты жапондар ашып отыр. 

Google, Facebook сынды ғаламтор және жарнама, таргетинг браузерлері кейде сізден «бұл қалай жұмыс жасайды?» деп сұрақ қоя отырып жауабын іздеуге шақырады. Біз ақырын-ақырын желіге еніп, сұрақтарға жауап іздейміз. Бұл компьютердің арнайы жасалған бағдарламалық жүйесі. Жапонияның Киото университетінен жеткен мәлімет бойынша зерттеушілер үлкен жобаны қолға алған. 

Киото университетінің ғалымдары нейрондардың желісіне терең үңіле отырып, адамның ойын оқуға болатынын айтады. Ақылға қонымсыз ба? Дегенмен бұл адам ойын оқуға жасалған алғашқы зерттеу емес. Осыған дейін жасалған зерттеулер өзінің нәтижесін қанағаттанарлықтай бере алған жоқ. Жаңа технологияның арқасында «суреттің терең құрылым» деп атауға ие болған жол арқылы зерттеушілер ойдың суретін бірнеше түс беру арқылы, текстуралармен анықтай алады. 

«Біздің миымыз әртүрлі деңгейдегі немесе күрделі компоненттердің ерекшеліктерін иерархиялық алу арқылы визуалды ақпарат ретінде өңдейді», дейді зерттеуші Юкиясу Камитани. 

Зерттеу жұмыстарына 10 ай көлемінде уақыт кетті. Тәжірибе кезінде үш адам үш түрлі деңгейдегі суреттерді оқумен айналысты: табиғи құбылыс ( жануар немесе адам), жасанды геометриялық фигура және әліпби әріптері. 

Адам миының қабілеттілігі суретке қараған кезде және суретке қарап болғаннан кейінгі уақытта өзгеріп отырған. Мидың жұмыс жасауын белсенділігін арттыру үшін адам суретке қарап болған соң, ол туралы ойлай отырып, миында қайталап салып шыққан. 

Адам миын зерттеу бойынша тек жапондар ғана емес, Илон Масктің Neuralink нейрокомпьютерлерді құрастыру интерфейсін және Kernel-дің ойлап тапқан адам ойын жазып алуға арналған чиптерін айтуға болады. Жыл өткен сайын адам ойын оқу мәселесі күрделеніп те дамып та келеді. Бұл түбі ғылымдағы үлкен жаңалық болары анық. 

Сіздің ойыңызды біреудің оқығанын қалайсыз ба? 

М. Ақан