Оқи отырыңыз

Тілмен байланған қолмен шешілмес.

Автор: Француз мақалы

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / "Hitachi" ақпаратты "мәңгілік" сақтаудың жолын тапты

"Hitachi" ақпаратты "мәңгілік" сақтаудың жолын тапты

Тұрмыста техникалық жабдықтар мен электроника жасайтын "Hitachi Ltd" орталығы ақпараттарды "мәңгілік" сақтаудың жолын тапқан көрінеді. Яғни оптикалық шыныдан гөрі кварц әйнектері әлдеқайда пайдалы деген сөз. РИА Жаңалықтар осылай деп хабарлайды. 

"Таспен қашап жазғалы адамзат баласы қаншама тарихи ашылымдар мен жаңалықтардың куәсі болды. Міне бүгін технологияның қарыштап дамыған заманында ақпараттар ағымын сақтап отыру қиындық туғызуда. Сол үшін де болар, жаңа бастамаларға барып отырмыз" - деп компанияның белді маманы Кадзуеси Тори айта кетті. 

Бинарлық кодтың арқасында лазермен жазылатын кварц шынысы ақпараттарды ұзақ уақыт аралығында сақтай алады. Өйткені, кварц шынысы 1000 градус Цельси температурада міз бақпай тұра берсе, химиялық реакцияларға оңайлықпен бой алдырмайды.

Айта кететін болсақ, кварц шынылары ғылыми зертханаларда ыдыстар мен құтылар жасауда қолданылады. 

Аталған компания қалыңдығы екі миллиметрлік екі де екі сантиметр пластинканы алғашқы үлгі есебінде жасап шығарды. Және осындай бір пластинкаға 25 мегабайттық ақпарат сия алады. 

Бүгінгі таңда компания пластинканың сақтау жадысын көбейту үшін жаңа бастамаларға барып отыр. Қалыңдықты арттырған сайын, жады да күшейе түспек.

Дайындаған: Фараби Бақыт 

347 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Фото: vk.com
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2012, 16:32
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2012, 17:30

"Ақырзаман" бар жерде мәңгілік деген ұғымның мүмкін еместігін ғалымдар да жақсы біледі деп ойлаймын. Тапқырланған зат түгілі, адам санасындағы мәңгілігі ғұмырдың ең соңғы нүктесі қойылған жерде ғана. Ал, мәңгілік ғұмыр келесі дүниеде. Ал мына тапқырлықтың мәңгі өмір сүретініне сенбеймін. Жер бетіндегі ең соңғы адам атаның ұрпағымен бірге өзіміздің қасымызға баратын нәрсе ғой бұл да. Фараби, сонда "Массагетте" жазған мақалаларымызды осы нәрседен көріп отыратын боламыз-ау деймін түптің-түбінде. :D

+0
26 қыркүйек 2012, 17:37

Тұздың кристалдары да жақсы сақтайды

+0
26 қыркүйек 2012, 20:21

осы сөзбен келісемін. Осы бір тұжырымды араб ғалымы айтқан сияқты еді

+0
27 қыркүйек 2012, 08:54

ол ғылыми дәлелденген

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...