Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Құстар қайтып барады...

Құстар қайтып барады...

Құстар қайтып барады...

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып
Зымырлайды менің бала кезімдей
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей, - деп Тұмағаң жырлағандай көктемде тамаша әндерімен келген құстардың да сызылтып ән сала, қимастықпен қайтатын кездері де таяп жетті. "Алақайлап", қолымызды бұлғап күтіп алғанымыз кеше ғана секілді еді...

Құстар қайтуын қайтады ғой, бірақ қайда? Сіз осы сауалды бүгінге дейін өзіңізге немесе өзгеге қойып көрдіңіз бе? Қоймаған болсаңыз, бізден сұраңыз! Берер жауабымыз дайын!

Адамзат баласы сонау қадым замандардан бері құстардың қоңыр күзде көзден жырақтап, көктемде қайта пайда болатындығын байқаған. Қанаттылардың маусымдық көшіп-қону үдерісінің құпиясын ақтару небір ұлы ғалымдар мен ғұлама ойшылдардың армандарына айналды. Аталған құпияны шешу барысында ақылға сыймастай, санамен өлшенбестей, бір-бірінен асып түсетін небір болжамдар айтылды. Атақты Аристотель қыста тек қана тырналар мен бірқазандар кетеді, ал қалған құстар тығылып қалады немесе басқа түрге айналады деген пікір айтқан.

Сізге өтірік, бізге шын! Тіпті, өсімдіктер мен жануарлар жүйесін топтастырған Карл Линнейдің өзі қарлығаштар қыстың күндерінде су астын мекендейді деген екен.

"Естімеген елде көп" демекші, кейіннен ортағасырларда ағылшын ғалымдары құстар қыста айға қарай ұшады, олар онда алпыс күнде ұшып жетеді де, еш азық таппағандықтан, терең ұйқыға кетеді дегенді айтты.

Іздеген жетер мұратқа, адамдар құстардың маусымдық көшіп-қонуының құпиясын тапты. Барлығының себебі - жай ғана "қыс" екен.

Дымқыл тұман басқан күздегі суық пен аштық құстарды солтүстік жарты шардан оңтүстік өлкеге қарай қуады. Ал оңтүстік жарты шарды мекендеп жүрген қанаттылар солтүстіктің қысына қоныс аударады. Жалпы маусымдық көші-қон үдерісіне құстардың үш түрі қатысады.

Ұшқыштардың чемпионы – полярлық біз тұмсық шағалалар өздерінің ыстық ұяларынан 160 мың шақырым жерге барып қыстайды, яғни Арктикадан Оңтүстік Африкаға сапар шегеді. Қарлығаштар 14 мың шақырымды бағындырып, Патогония жеріне (Оңтүстік Америка) барып қонақтаса, көкқұтандар жылы өлкеге жету үшін 13 мың шақырым бойы қалықтап ұшады  екен. Тырналар мен үйректер Ніл өзенінің жағалауын, сауысқандар, сары шымшықтар, шұбар шымшықтар Франция, Испания, Италия жерін, бұлбұлдар, көкектер Африка саванналарында қыстайды. Ал біздің өлкеден кеш кететін қаздар Каспийдің, Қырымның, Қара теңіздің жағалауына қарай қоныс аударатын көрінеді.

Ал жыл құстарының қыстаудан кейін өз ұяларын қалай табатындығын әлі ешкім ашып айта алмайды. Бірқатар ғалымдар олар жұлдызды немесе күнді бағдарға алады дейді. Және де кейбір құстар, мәселен, қаздар жай ғана қайтар жолын есте сақтайды екен.

Көктемді қанатына қондырып, Алматыға құстар келгенше аман болайық!

Суреттер:900igr.net,wanders-k.ru,planeta.moy.su

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

32497 1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 10 қыркүйек 2012, 19:34
Пікірлер
+0
10 қыркүйек 2012, 15:24

:) күшті екен! Күйбеңнен жалыққанда құстар сияқты шалғайға ұшып кетсең ә?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...