Алтын туралы қызықты деректер

Алтын туралы қызықты деректер
Фото: www.mobilmusic.ru

Әлемде неше түрлі бағалы тас болғанымен, алтынның орны бір төбе.  Менделеев кестесіндегі барлық элемент ішінде алтын ғана ақша орнына жүрген. Соған қарап-ақ, адамзат үшін алтынның нарқын анықтауға болады.

Химия саласында алтын «Au» символымен белгіленетінін бәріміз білеміз. Ол латын тілінде aurum – «жарқын рауан», «таңғы шапақ» деген мағына береді.

«Алтын» сөзі ескі ағылшын тілінің «geolu» сөзінен шыққан. Мағынасы – «сары».

Алтынның жеуге жарамды түрі де бар. Азияның кейбір елдерінде алтынды жеміс-жидек жанына, кофе мен шайға қосып береді. Әлемдегі ең қымбат гамбургер алтын қауызы (хлопья) қосылып жасалады.

Адам ағзасында шамамен 0,2 миллиграмм алтын бар, әсіресе қан құрамында басым.

Археологиялық деректерге сүйенсек, алтын мен мыс б.з.б. 5000 жыл бұрын адамзат игерген ең алғашқы металл.

Алтын біздің ғаламшардың әр континентінен табылған. Ғалымдар оны Марс, Меркурий, Шолпан ғаламшарларынан да табуға болады дейді.

Таза алтын тым жұмсақ болатыны соншалық, қолмен-ақ майыстыруға болады.

Алтын 1064,18°C температурада балқиды және электр мен жылу өткізетін қасиетке ие. Сонымен бірге, ол тоттанбайды.

Алтын өте иілгіш металл. Одан тіпті тігін жібін жасауға да болады. Жіп түріне келтіру үшін бір унция (28,35 г) алтынды 50 мильге (80,47 км) дейін созуға болады.

Әлемдегі ең үлкен кесегі 250 килограм салмақ тартады.

@. @assel_assanova