Энергия туралы қызықты фактілер

Оқырмандарға электр энергиясы туралы қызғылықты фактілерді ұсынамыз.
Электр лампасындағы энергияның 10 пайызы ғана жарық шығаруға жұмсалады. Қалған 90 пайыз энергия жылу шығаруға кетеді. АҚШ-тағы тоңазытқыштардың пайдаланатын электр энергиясы елдегі 25 ірі электр стансаларының шығаратын энергиясына тең. Күн жарығының энергиясы бүкіл адамзат баласының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жетеді.
Әлемде пайдаланылатын энергияның 3/4 бөлігі пайдалы қазбаларды жағудан пайда болады. 2030 жылға дейін әлем халқы пайдаланатын энергияның мөлшері қазіргімен салыстырғанда 55 пайызға өседі деп болжанып отыр. Осыдан 5000 жыл бұрын адам баласының қалыпты өмір сүру үшін күніне 12 000 ккал қажет болатын. Қазіргі заманда қалыпты адамның өмір сүруі үшін күніне 230 000 килокалория энергия қажет. Әлем бойынша пайдаланылатын энергияның 0.013%-ы Google компаниясысына тиесілі. Бұл энергия көлемі 200 мың үйді үздіксіз қамтамасыз етіп отыруға жетеді.
АҚШ елге керекті энергияның жартысын көмір жағып алады. Жалпы алғанда, әлемде пайдаланылатын энергияның 2/5-і көмірден алынады. Әлемдегі ең үлкен гидроэлектростанция Қытайдағы Үш Бөгет болып табылады. Бұл алып станция миллиондаған қытайлық тұрғынды энергиямен қамтамасыз етеді. Желден алынатын энергия әлемдік айналымның 1,3%-ын құрайды. Жер бетіндегі ең алып жел станциясы АҚШ-тағы Техас штатында орналасқан. Электр энергиясын ең көп тұтынатын ауруханалар АҚШ-та деп есептеледі. Атмосфераның ең басты жауы көмір болып есептеледі. Мысалы Америкадағы көмір жағудан бөлінетін CO2 газы, жер бетіндегі бүкіл көліктердің шығаратын газынан әлдеқайда көп. Әлем бойынша пайдаланылатын бензиннің жартысын АҚШ тұтынады. Әлемдік фактілер кітабына сүйенсек, мұнай 2052 жылға дейін таусылып болады. Ал газ 2065 жылға дейін жетеді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: 1001facts.info