Ғалымдар: адам жабайы асқабақты жойылып кетуден сақтап қалды

Ғалымдар: адам жабайы асқабақты жойылып кетуден сақтап қалды
Фото: 24.kz

АҚШ пен Британия зерттеушілері жабайы асқабақтың тарихы туралы қызықты дерекпен бөлісті.

Ғалымдардың айтуынша, Cucurbita асқабақтар тұқымдасы Жер бетінде осыдан 10 мың жылдай уақыт бұрын болған. Бұл өсімдік бастапқыда жабайы түрінде ғана кездесіп, адамның жеуіне жарамсыз деп танылған. Сәйкесінше, ол күнделікті тағамға қосуға келмейтін болғандықтан, уақыт өте келе Жер бетінен жойылып кету қаупі төнген. Міне, дәл сол кезде адамзат баласы оның дәмі тұщы түрлерін бақшасына егіп, асқабақты жойылудан сақтап қалған екен. Салыстырар болсақ, сонау ежелгі заманда қоршаған ортаның өзгерістеріне төзбеген бірқатар ірі сүтқоректі жануарлар жойылып, келмеске кеткен.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы