Әйелдер иіссуы мен ерлер арасында қандай байланыс бар

Әйелдер иіссуы мен ерлер арасында қандай байланыс бар
Фото: 24.kz

Бұл жолы америкалық ғалымдар ерекше жаңалығымен елең еткізді.

Ратджерс университеті зерттеушілерінің айтуынша, ерлер иіс түйсігі арқылы әйелдің жас шамасын анықтай алады екен. Бұл үшін оған сол әйел пайдаланатын парфюмнен иіскетсе жетіп жатыр.  Осы ретте өткізілген тәжірибеге 20 мен 60 жас арасындағы бір топ ер адам қатысқан.

Қатысушыларға ваниль, лаванда, раушан гүлі, жеміс-жидек (алма) пен көкөністің (брокколи) жұпар иістері ұсынылды. Сынақ нәтижесіне сәйкес, ерлер нәзік жандылар жағатын парфюмдер иісін сезген кезде ойларына олардың жас шамасы туралы ой келеді екен. Мысалы, раушан гүлінің жұпарын жасы келіп қалған әйелдер пайдаланады. Ал жеміс-жидек иісін ұнату - бұл жас қыздарға тән нәрсе.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы