Екі адамға арналған оятқыш-сақина

Дизайнер Менг Фанди (Meng Fandi) Ring атты шусыз қос оятқышты таныстырды. Бұл таңғажайып оятқышты дизайнер Менг Фанди әр түрлі уақытта оянуды жоспарлаған екі адам үшін ойлап тапқан. Бірін-бірі ерте оятып алмас үшін олар өздеріне қажет уақытқа оятқышты қойып, саусақтарына киіп жатады, уақыты жеткен кезде саусақтағы сақинаның вибрациясы әсерінен оянады.

Бұл оятқыш екі адамға да зиянын тигізбейді, ол саусақты дыбыссыз вибрациялайды, бірақ оның күші сақина иесін оятуға толығымен жетеді. "Мұндай оятқыш жұбайлардың ортасындағы қарым-қатынасты жақсы қалпында сақтап қалуға ықпал етеді", - дейді дизайнер.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mirfactov.com, liveinternet.ru