Аллергия — иммунды жүйенің дабылы

Аллергия — иммунды жүйенің дабылы
Фото: punnett.blogspot.com

Лондондағы тропикалық медицина мен гигиена мектебінің ғалымдары аллергияның пайда болу себебін анықтады. Биологтар аллергия тудырушы тамақ пен паразиттерде кездесетін ақуыздардың молекулалық ұқсастығын тапты. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі PLOS Computational Biology ғылыми журналында жарияланды.

Ғалымдардың айтуынша, аллергия адам иммунитетінің қоршаған ортадағы зиянсыз заттарға қарсы әсері болып саналады. Ал бізге иммунды жүйенің адам ағзасында әртүрлі аурудың асқынуына қарсы күресетін ішкі күш екені белгілі. Сәйкесінше көп жылдар бұрын аллергия ағзаға түскен зиянды бактерия туралы ақпарат беруші иммунитеттің дабылы қызметін атқарған. Қазіргі заманның медицинасы көптеген ауруларға ем тауып үлгергендіктен, иммунды жүйе қорғанысының дабылы туралы біздің пікіріміз өзгерген. Нақтырақ айтар болсақ, бүгінде аллергия асқынуы қауіп төндірген ауру туралы ақпарат беруші емес, адамның ағзасына белгілі бір иіс немесе дәмнің ұнамайтынын танытады.

Николас Фернхэм бастаған ғалымдар тобы есептеу биологиясы әдісін қолданып, паразиттердегі аллергия тудыратын ақуыздар санын анықтады. Ондай ақуыздар гүлдердің бетінде қалыптасатын шаңдарда да болады екен. 

Ж. Өрісбай