Оқи отырыңыз

Жақсылық көрсем – өзімнен,
Жамандық көрсем – өзімнен.

Автор: Сұлтанмахмұт Торайғыров

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Абайлаңыз: демалыстағы аурулар

Абайлаңыз: демалыстағы аурулар

Абайлаңыз: демалыстағы аурулар

Демалыстар маусымында алыс елдерге сапарға аттансаңыз, ол жердің тамағы мен салт-дәстүрлерін ғана біліп қоймай, шет елде жүргенде сізге төніп тұрған қатерлермен танысқаныңыз жөн. Бүгін түрлі елдерде жазғы демалыс кезінде шалдығуыңыз мүмкін аурулармен танысайық.

Аллергия    

Аллергия шет елде ғана емес, туған қалаңыздың саябақтарында да сізге төнуі мүмкін. Оның белгілері: көздің ашуы, ісіну, мұрын ағуы, терінің қышуы, қызаруы, жөтел, түшкіру. Аллергия тамақтың кейбір түрлері, өсімдік тозаңы, жәндіктердің шағып алуы, жануарларды ұстау, сипалау нәтижесінде бола алады. Жоқтан пайда болған аллергиядан сақтанамын десеңіз белгісіз, бұрын жеп көрмеген тамақты жемеңіз, өзіңізбен бірге әрқашан дәрі ұстап жүріңіз, қонатын жеріңізді тормен қорғап, жәндіктерден сақтаныңыз, жануарларды қолға алып, сипамаңыз.

Жалпы аллергия деген ағзаның иммун жүйесінің кейбір заттарға, яғни аллергендерге әсері. Демалысқа барған жаңа жерде аллергия пайда болу мүмкіндігі өседі. Тропикалық өсімдіктер, экзотикалық жемістер, ерекше тағамдар, дәмдеуіштер, біздің елге тән емес жәндіктер мен жануарлардан абай болыңыз. Ақуызды тағамдар: экзотикалық жануарлардың еті, балық және теңіз өнімдері де қауіпті бола алады. Кейбір жағдайларда аллергия демалыста емес, бірнеше күннен кейін, үйге қайтқанда өз әсерін береді.

Жануарлар мен жәндіктердің шағуы

Бұл жағдай да шет елдерде де, өзіміздің елімізде де әбден мүмкін. Терінің қызаруы, қышуы, жара болып, аллергия пайда болуы сізді жәндік тістеп алғанның белгісі бола алады.

Тауда, орманда демалыста жүргенде жәндіктерден қорғайтын арнайы крем мен аэрозольдар, ұйықтағанда торлар қолданыңыз. Жабық киім киіп, қауіпті деген жерлерді айналып жүріңіз. Жәндіктердің шағуының екі жаман салдары бар: біріншіден, ол аллергиялық және токсикологиялық әсер қалдырады, кейбір жәндіктердің уы адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Екіншіден, көптеген құрт-құмырсқалар түрлі жұқпалы аурулардың (безгек, алтын безгек, дирофиляриоз, лейшманиоз) таратушысы бола алады. 

Үлкен жануарлардың сізді абайсызда қабуы үлкен жарамен қоса сіреспе мен құтыру ауруларымен қауіпті. Өлтіріп жібере алатын жыландардың, басқа да жануарлардың шағуын естен шығармай, шет елде ерекше мұқият болыңыз. Ол жерде бізде кездеспейтін, біз тіпті білмейтін жануарлар сізге қауіп төндіруі мүмкін.

Безгек (Малярия)

Безгек Тайланд, Үндістан, Вьетнам, Филиппиндер, Малайзия, Кения, Бразилия, Мысыр және басқа да Африканың шығысындағы, Азия, Оңтүстік Америка) елдерінде таралған. Оның белгілері мынандай: дүркітпе, қалтырау, буындардың ауруы, көкбауыр мен бауырдың көлемінің үлкейуі. Малярия ауруын малярия масасы таратады. Малярия (безгек) кең таралған елдердің бірінде демалыста болсаңыз, табиғат аясына шыққанда арнайы қорғайтын кремдер жағып, барынша жабық киім киіңіз. Демалыста өз бетімен тау, орман араламаңыз, тек туристтік жолдарды қолданыңыз.

Адамзат тарихында ең көп адамдарды құрбан еткен ауру осы малярия. Жыл сайын 350-500 миллион адам малярияға шалдығады, оның 1,3-3 миллионы өліммен аяқталады. Әрине, заманауи медицина маляриямен күресе алады, бірақ оны мүмкіндігінше тезірек емдеу керек. 

Алтын безгек

Ангола, Аргентина, Бенин, Боливия, Бразилия, Бурунди, Венесуэла, Буркина-Фасо, Габон, Гамбия, Гана, Гайана, Гвинея, Гвинея-Бисау, Француз Гвинеясы, Гондурас, Заир, Камерун, Кения, Конго, Колумбия, Коста-Рика, Кот-д’Ивуар, Либерия, Мавритания, Мали, Нигерия, Нигер, Панама, Парагвай, Перу, Руанда, Сан-Томе және Принсипи, Сенегал, Сомали, Судан, Суринам, Съерра-Леоне, Танзания, Того, Тринидад, Тобаго, Уганда, Орталық Африка Республикасы, Чад, Экваториалды Гвинея, Эквадор, Эритрея, Эфиопия. Осы тізімдегі елдерге демалысқа жол тартсаңыз, ол жерде алтын безгектің бар екенін біліп жүріңіз.

Бұл ауру адамнан, маса немесе жануар (мысалға, маймыл) арқылы беріледі. Жұғу жолы өте оңай болғандықтан, осы елдерге бармас бұрын арнайы вакцина (жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала сақтану үшін қолданылатын дәрілік препарат) салдырып алу керек. Бұл аурудың емі жоқ, тек оның белгілерін басуға болады. Алтын безгекпен ауырғандардың өлім мүмкіндігі 10-20 пайыз. Ауруды жеңген әр адам ауру таратушысы екенін есептесек, одан сақтану өте маңызды екені түсінікті.

Тырысқақ (холера)  

Бұл ауру Ауғанстан, Вьетнам, Үндістан, Ирак, Камбоджа, Малайзия, Филиппиндер, Шри-Ланка, Конго, Замбия, Камерун, Кения, Комор аралдары, Мадагаскар, Малави, Мозамбик, Нигерия, Руанда, Судан, Сомали, Съера-Леоне, Танзания, Того, Уганда елдерінде таралған.

Іштің өтуі, құсу, қан қысымының төмендеуі тырысқақ ауруының белгілері болып табылады. Тырысқақтан қорғану үшін гигиена шарттарын қатал сақтау керек: қолды жуу, көкөністер мен жемістерді ыстық сумен жуу, ауыз суын қайнату. Егер сіз баратын елде бұл ауру кең таралған болса, алдын ала вакцина салдырған дұрыс.

Тырысқақ адамның ішектерін зақымдайды, жиі жағдайда өлімге де апара алады. Бұл ауру эпидемия ретінде кейбір елдердің аудандарын толықтай қамтиды. Бұл ауруда да дәрігердің көмегіне тез жүгіну өте маңызды.

Ең бастысы: дәрігерге көрінуіңіз міндетті!

Деніңіз сау болсын!                                                       

Жалғасы бар

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: nazarovo-online.ru

4167 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 19 шілде 2013, 18:11
Пікірлер
+0
22 шілде 2013, 11:42

Ең жаманы жазда ауырғаның. Әсіресе, стоматит болса :cry:

+0
22 шілде 2013, 13:41

Демалыста қыдырғаннын орнына ауырып қалмайық, достар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...