- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Марсты кім бірінші...
Марсты кім бірінші игереді?
Америкалық NASA Марсқа ғарышкерді жеткізетін алғашқы ғарыш агенттігі өзі болатынына сенімді. Дегенмен миллиардер Элон Макс басқаратын SpaceX компаниясы бұл үдерісті бірінші болып жүзеге асыруы мүмкін. Бүгінгі таңда Марс 1960 жылдардағы Ай миссиясы сынды маңыздылыққа ие бола бастады. Docsports агенттігінің сарапшы маманы Рафаэль Эспарза екі алпауыттың мүмкіндігін салыстырып көрді.
Эспарзаның айтуынша, Қызыл ғаламшарға алғашқы ғарышкерді жеткізуге жекеменшік компанияның шамасы жетеді. Себебі Элон Маск Марсты игеруді басты мақсат етіп алған. Сонымен қатар, жоба зерттеулеріне қаржысын да аямай жұмсап жатыр. Ал NASA агенттігі мемлекеттік қолдауға мүдделі болғандықтан, үлкен жобаны аз уақытта іске асыру үшін қомақты қаржы жұмсай алмайды.
Дегенмен америкалық маманның болжамы орындалмай қалу ықтималдығы да бар. Себебі Эспарза осыған дейін Марсты игеруде Еуропа мен Қытайдың мүмкіндігі аз екенін нақты айтқан болатын. Ал жақында еуропалық кәсіпкер Бас Лансдорп таныстырған Mars One жобасы сүбелі жетістіктерге жетуі мүмкін. Жоспар бойынша, аталған ғарыш аппараты 2020 жылы Марсқа ұшырылады.
Ж. Өрісбай