Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Күн жүйесі туралы 10 дерек

Күн жүйесі туралы 10 дерек

Күн жүйесі туралы 10 дерек

Күн жүйесі осыдан 4,57 миллиард жыл бұрын гравитациялық ағым негізінде қалыптасқан. Ал оның гравитациялық ауқымында негізгі сегіз ғаламшар бар. Одан бөлек, кішкентай ғаламшар мен астероидтар белгілі бір орбита бойымен айналады. Мұның бәрі сіздерге мектептен белгілі болар. Дегенмен кейбір қызық деректер мектеп бағдарламасына енгізілмеген. Ал ендеше Күн жүйесі туралы қызық деректерге назар аударыңыз.

1. Юпитер ғарышты қоқыстан тазалайды

Юпитер – Жердегі қалыпты тіршіліктің жалғасуына демеу болып отырған жалғыз ғаламшар. Ол Күн жүйесіндегі ең үлкен ғаламшар болғандықтан, оның тартылу күші де алып қуатқа ие. Сәйкесінше Жер орбитасына қауіп төндіретін ғарыш қоқыстарын өзіне тартып отырады. Ғалымдар мұндай үдерістердің бірнешеуіне куә болған.

2. Күн жүйесінде 5 кішкентай ғаламшар бар

Кішкентай ғаламшар ай сынды өзге бір ғаламшардың осінде айналмайды. Дегенмен өзіндік гравитациялық қуатқа да ие емес. Бастапқыда Плутон тоғызыншы классикалық ғаламшар болған. Ал кейінгі зерттеулердің нәтижесіне орай, Плутон кішкентай ғаламшарлар қатарына енеді. Плутоннан басқа Күн жүйесінде Церера, Эрида, Хаумей және Макемаке деп аталатын кіші ғаламшарлар бар.

3. Астероидтар Күн жүйесінде көп емес

Ғылыми дәлелдемеге орай, Юпитер мен Марстың арасында үлкен астероидтар алқабы бар екенін білеміз. Ал ғылыми-фантастикалық фильмдерде ғарыш кемелері астероидтардың арасында апатқа ұшырап жатады. Ал шындығында астероидтар өте сирек орналасқан және олардың арасы Еуропа мен Америка құрлықтарының арасындағы қашықтыққа тең.

4. Шолпан – ең ыстық ғаламшар

Логикалық тұрғыдан ойласақ, Меркурий ең ыстық ғаламшар болуға тиіс. Себебі ол Күнді ең жақын қашықтықта айналады. Дегенмен Меркурийде атмосфера жоқ. Сондықтан ғаламшар ішкі жылуын өзінде сақтай алмайды. Ал Шолпан екінші орналасқан әрі атмосфералық қабаты бар. Бұл оның Күн жүйесіндегі ең ыстық ғаламшар екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, Шолпан өзге ғаламшарлармен салыстырғанда қарама-қарсы бағытта айналады.

5. Плутон статусы

Плутон классикалық ғаламшарлар тізімінен алып тасталғаны белгілі. Бұл оның «кішкентай ғаламшарлар» қатарына енгенін көрсетеді. Мұндай шешім соңғы 30 жыл бойы әлемдегі түрлі астрономиялық академиялардың дөңгелек үстелдерінде талқыға салынғаннан кейін ғана қабылданған. Жаңа зерттеулер Плутонның Жерден 170 есе кішкене екенін дәлелдеді. Содан кейін Плутонның статусы нақты өзгерді.

Жалғасын мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: pics-about.space
Қосылған күні: 18 қыркүйек 2015, 17:50

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.