Күн жүйесі туралы 10 дерек

Күн жүйесі туралы 10 дерек
Фото: multiverses.wikia.com

Күн жүйесі осыдан 4,57 миллиард жыл бұрын гравитациялық ағым негізінде қалыптасқан. Ал оның гравитациялық ауқымында негізгі сегіз ғаламшар бар. Одан бөлек, кішкентай ғаламшар мен астероидтар белгілі бір орбита бойымен айналады. Мұның бәрі сіздерге мектептен белгілі болар. Дегенмен кейбір қызықты деректер мектеп бағдарламасына енгізілмеген. Ал ендеше Күн жүйесі туралы қызық деректерге назар аударыңыз.

6. Меркурийдегі 1 күн Жердегі 58 күнге тең

Меркурийдің орбиталық траекториясы Жердің өз осін 60 рет айналуына тең. Нақты сандық зерттеу бойынша, бір айналым 58 күнді көрсетсе де, Меркурийдің Күн бойымен айналатын траекториясы құбылмалы өзгеріп отырады. Нәтижеде ол кейде 58, кейде 60 күнге теңеседі. Егер Меркурийден Күнге қарайтын болсаңыз, оның орбитасы алдыға немесе артқа қозғалып, өзгеріп отыратынын байқайсыз.

7. Уранда жыл маусымдары әр 20 жылда ауысады

Уранның айналу бұрышы 82 градусты қамтиды. Сондықтан аталған ғаламшар орбитаны жатық кейіпте айналады. Бұл маусым ауысымдарын кешіктіреді. Сол себепті бір маусым Уранда 20 жыл жалғасады.

8. Күн жүйесі массасының 99%-ы Күн массасынан тұрады

Күн массасы Жерден 332 946 есе көп. Сондықтан оның үлкендігін шамалап білудің өзі қиындық тудырады. Айта кетсек, Күн жүйесі толық массасының 99%-ын жалғыз Күннің қамтиды.

9. Айда адамның салмағы жеңілдеу болады

Айдың массасы Жерге қарағанда аз екені белгілі. Сәйкесінше гравитацияның қуаты да кіші болары анық. Нақтылап өтсек, алты есе кіші. Бұл адам салмағының да азаятынын дәйектейді.

10. Жалғыз Сатурнда сақина бар емес.

Мектеп партасында Сатурнның сақинасы бар екенін оқығанбыз. Дегенмен одан бөлек мұндай сақиналы ғаламшарлардың бар екендігі туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Ал шындығында тас, мұз сынды ғарыш нысандарынан тұратын сақина Юпитер, Нептун және Уран орбиталарында да бар. Ал бізге тек Сатурнның ғана сақинасы көрінеді.

Ж. Өрісбай