SpaceX аппаратының ішкі дизайны қандай? (видео)

SpaceX аппаратының ішкі дизайны қандай? (видео)
Фото: www.gadgetblog.ru

Америкалық миллиардер Элон Маск басшылық ететін SpaceX ғарышқа жолаушы (ғарышкер) тасымалдау бизнесіндегі алғашқы жекеменшік компаниялардың бірі болмақ. Ғарыш аппараттарын құрастырумен айналысатын компанияның осыған дейінгі бірнеше жобасы сәтсіз аяқталған болса да, алқымын баяулатар емес. SpaceX кезекті жобасы Crew Dragon зымыранының ішкі дизайнын таныстырды.

Интерьер "люкс" класында дайындалған. SpaceX мамандары ішкі құрылымын жолаушыларға барынша ыңғайлы әрі сыйымды етіп жасауға тырысқан. Аппарат ішкі температураның бақылау жүйесімен қамтамасыз етілген және бір уақытта жеті ғарышкерді Халықаралық ғарыш бекетіне жеткізе алады.

Ал зымыранның негізгі бөлімінде ғарыш кемесін басқару жүйесі туралы мәлімет беретін дисплейлер орнатылған. Ал кемені ішкі кабинадан да, қашықтан де басқару мүмкіндігі болмақ.  

SpaceX компаниясы Crew Dragon аппаратын NASA тапсырысы бойынша коммерциялық мақсатта құрастырып жатыр. Оның алғашқы ұшырылымы 2017 жылы жүзеге асырылмақ.

Ж. Өрісбай