Қытай аппараты Айдың көрінбейтін бетіне қонады

Қытай аппараты Айдың көрінбейтін бетіне қонады
Фото: www.omegawatches.com

Ғарыш тарихында небәрі үш елдің азаматтары Айға қадам баса алған. Айта кетсек, АҚШ, КСРО және Қытай елдерінің ғарышкерлері Айға аман барып қайтқан. Енді Қытай ғарыш аппаратын ешбір адам баласының аяғы баспаған Айдың бізге көрінбейтін бетіне ұшырмақ.

Жаңа ғарыш жобасы Айдың құпияға толы жағында адам баласына қажет гелий-3 элементінің қорын анықтау мақсатында дайындалған. Жоспар бойынша, қашықтан басқарылатын Chang’e 4 зонды 2020 жылы Айдың бізге көрінбейтін бетіне ұшырылуы тиіс болады. Дегенмен ол үшін Қытай ғалымдары ғарыштағы байланыс құралының альтернативті түрін жасауы керек. Себебі Айдың арғы бетінде Жерден шығатын радиосигналдар үзіліп кетеді. Мұнымен қатар, ұшырылатын аппараттың Айға қонуы сәтсіз аяқталуы мүмкін.

Қытай бұл проблеманың шешімін ғарышта ретрансляция жасайтын спутниктің көмегімен шешпек. Айта кетсек, NASA ғарыш агенттігі Curiosity аппаратын Марсқа қондыру үшін аралық байланысты орнататын спутникті пайдаланған. 

Ж. Өрісбай